check

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы  «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы                                        Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының  4) тармақшасына,                         Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132  қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк  қорғау министрлiгі туралы Ереженің 16-тармағының  69) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік еңбек инспекторларын  оқытуды және аттестаттауды жүргізуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»   2013 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы құзыреттер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға берілді.

Осыған байланысты,  еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды  оқыту қажеттілігі туындайды.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Заңы                          7-бабының 9-5) тармақшасына сәйкес Министрлік зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»                  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Министрлік өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруға міндетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ереженің 69) тармағына сәйкес Министрлік  еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады.

Еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қызметкерлер білуге тиіс қолданыстағы заңнама,  үнемі өзгертіліп және жетілдіріліп отыратындықтан, сондай-ақ аталған саладағы тиісті мамандардың өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру әдістемесіне түзетулер енгізілуіне байланысты оларды тұрақты негізде жүйелі түрде оқытуды және біліктілігін арттыруды жүргізу қажет.

Соның ішінде, қолданысқа енгізілетін нормаларға мамандарды алдын ала дайындау қажет және жаңа нормаларды қатесіз және тиімді іске асыруға кепілдік беру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында талап етілетін білім беру керек.

Жоғарыда айтылғандай, аталған қаулы  жобасы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін қайта атауды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізуді көздейді.

 

 

 

 

 

Бөлімдер:
15 сәуір, 2014 - 18:51 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші