You are here

«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жыл

«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

 

 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 маусымдағы «Юридическая газета» газетінде № 94 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

 көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

3-бөлім. Мамандардың лауазымдары мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

Лауазымдық міндеттері: өз қызметін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттармен, мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балалармен (бұдан әрі – қызмет алушылар) жұмыс істеу үшін уәкілеттік берілген басқа да ұйымдардың мамандарымен тығыз байланыста жүзеге асырады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге бағалауды жүргізеді және қажеттілікті айқындайды. Өтініш берушімен сұхбат жүргізеді, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша шығады, көршілерден қызмет алуға мүмкіндік беретін объективті себептерінің мәнін сұрастырады. Организм функциялары бұзылған кезде, баланың әлеуметтік бейімсіздігі және депривациясы кезінде өз бетінше қызмет ете алу қабілетін айқындайды.

Әлеуметтік ортаны, тіршілік етудің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жетіспеушілігін немесе болмауын бағалайды. Білім беру және денсаулық сақтау органдарынан қорытындылар алу үшін ведомствоаралық комиссия құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Тиісті ұйымдарға сұрау салулар дайындайды. Қорытынды дайындайды және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы          № 1222 қаулысымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-0 бірлескен бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін және басқа да арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; психология, арнайы педагогика және әлеуметтік жұмыс негіздерін; азаматтық құқық, қамқорлық пен қорғаншылық  негіздерін; арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі озық отандық және шетелдік тәжірибені.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

жоғары санатты: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

бірінші санатты: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

екінші санатты: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және  санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

санаты жоқ: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық) білім және  әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.»;

«4. Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) директоры» бөлімінің үшінші бөлігінде мемлекеттік тілде өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

2.  Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен :

1)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Министр                                                                Т. Дүйсенова

 

 

 

Бөлімдер:
14 сәуір, 2014 - 20:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші