You are here

Зейнетақыны қайта тағайындау жөнінде

Мен Астана қаласының тұрғыны Аубакирова Алима 01.12.1955 жылы бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданында дүниеге келдім.

1973 жылдың 1 тамызынан бастап 1996 жылдың 13 ақпанына дейінгі еңбек өтілім бар. Яғни, 1998 жылғы зейнеткерлік реформаға дейінгі еңбек өтілім 23 жыл.

Алты баланың анасы, күміс алқа иегері ретінде 2008 жылы зейнетке шықтым. Сол кездегі тағайындалған зейнетақы мөлшері мен http://egov.kz/ порталынан алған зейнетақы төлмедерін тағайындау туралы анықтамада көрсетілген сомалардың сәйкес келмейтіндігін байқадым.

Себебі, менің зейнетке шыққан кездегі берген зейнеткерлік кітапшамда «Пенсия по возрасту, многодетная мать» 10270 теңге, «Государственная базовая пенсионная выплата» 5388теңге делінген.

Енді http://egov.kz/ порталынан алған анықтамада 22609 теңге мөлшерінде зейнетақы мөлшері тағайындалды, 10450 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы мөлшері тағайындалды делінген. Бұл айырмашылықтардың себебін түсіндіріп берсеңіздер екен.

 

Сонымен қатар 2008 жылдың 17 сәуірі мен 2008 жылдың 23 қазан аралығында зейнетақы қорыма жинақтаған 12564 теңгенің осы күнге дейін сақталып тұрғанын http://egov.kz/ порталынан анықтама алғанымда көрдім. Қазіргі күні ол сома 2014 жылдың 06 наурызында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» аударылған екен. Мен ол ақшаны зейнетке шыққан кезде алуым керек еді ғой. Оны қазір алу үшін қайда барып құжат тапсыруым керек?

 

Осыған орай, зейнетақы тағайындауларын қайта қарастыру қажет деп ойлаймын. Барлық еңбек өтілдерім және зейнетақы қорымдағы азынаулақ жинақты да есепке ала отырып, қай сома қайдан шыққаны, сол жылдардағы базалық зейнетақы мөлшерін қосып әр шыққан есептің толық калькуляциясымен жауап қайтарсаңыздар жақсы болар еді.

 

Хабарласу телефондарым – 87172-375212, 87014137500

 

Жауап: 

Сәлеметсізбе Алима Сыдыққызы!

Сіздің қойған бірінші сауалыңыз бойынша зейнетақы іс-құжатыңызға тексеру жұмыстары жүргізіліп, зейнетақы төлемдеріңіздің мөлшері заңнама шарттарының орындалуына толық тексерілді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлемінің мөлшеріне әсер ететін  негізгі  өлшемдері болып  1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажы және зейнетақы  есептелетін 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап  кез келген 3 жылдың  орташа айлық табысы болып табылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1-ші қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін  толық көлемінде тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы әйелдерге 20 жыл болған  жағдайда (жасы 58-ге, ал жеңілдікпен, көп-балалы аналарға - 53-ке толғанда) көзделген.

Егер қолданыстағы зейнетақы заңнамаларымен  талап етілген орташа айлық табысы туралы мәліметтер болмаған жағдайда немесе орташа айлық табыс ең төменгі деңгейде болса, зейнетақы төлемі де ең төменгі мөлшерде тағайындалады. 

Зейнетақы ісіңіздегі құжаттарыңыз бойынша 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Сізге жасыңызға байланысты зейнетақы 31 жыл еңбек стажыңызға, бірақ, орташа жалақы туралы анықтаманың ұсынбауыңызға байланысты, кепілдендірілген ең төменгі мөлшерде тағайындалғаны анықталды. Оның мөлшері республика бойынша 2008 жылы 7900 теңгені құраған болатын. Ал, базалық зейнетақы мөлшері 5388 тенге болды.

Кейіннен Заңды басшылыққа ала отырып, зейнетақы төлемдері мөлшерінің жыл сайынғы арттырылуы әр зейнеткердің іс-құжаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі  бекіткен  тәртіпте  жүргізілді.

Яғни, бүгінгі күні барлық арттыруларды ескере отырып, Сіздің алып отырған әлеуметтік төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 44 912  теңгені  (зейнетақы  төлемі – 22 609 теңге; базалық   зейнетақы  төлемі – 10 450 теңге; «Күміс Алқа» төс белгісімен марапатталған аналарға тағайындалатын жәрдемақы – 11 853 теңге) құрап отыр және олар заңнамалар шарттарына сәйкес дұрыс есептелген.

Екінші сұрағыңыз бойынша қосымша келесіні хабарлаймыз.

Сіз  айтып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы  жиналған сомаларыңыз    құпия болып табылатындықтан, ол жөніндегі мәліметті Сіз тек сол аударған  қордан ала аласыз.

 

 

 

 

Орын. ЗТМО РМҚК Байсабырова А.Қ.

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 305901
18 сәуір, 2014 - 16:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші