check

You are here

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы»

2001 жылғы 23 қаңтардағы

Қазақстан Республикасының Заңын

іске асырудың кейбір мәселелері туралы

 

 

          «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының 9-1) және 9-4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

         1) «Ауданның (қаланың), облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы;

         2) Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ереже;

         3) Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі  өңірлік комиссия туралы  үлгілік ереже бекітілсін.

         2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

         3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 

         3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

         4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

             

          Министр                                                                      Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2014 жылғы  «      »                

№     бұйрығымен

бекітілген

 

 

 «Ауданның (қаланың), облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің

үлгілік жарғысы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «______________ облысы (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың)  ______________ауданының (қаланың)  халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) заңды тұлға мәртебесіне ие, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы                       19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысушыларды  ______________ облысы (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) ______________ ауданы (қаланың) аумағында жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

  1. Мемлекеттік мекеме ____________________________ облысы (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) ______________ауданының (қаланың) ______ жылғы « ___ » ____________ шешімімен құрылды.  
  2. _______________________________________________________________________________________ Орталықтың құрылтайшысы болып табылады.

Құрылтайшының заңды мекенжайы:_______________________________

5. __________________________________________________________ Орталықтың тиісті сала уәкілетті органы   болып табылады.

6. Орталықтың толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «______________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаласы) ______________ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі;   

Орыс тілінде: государственное учреждение «Центр занятости населения ______________ района (города) ______________ области (столицы, города республиканского значения)».

7. Орталықтың орналасқан жері:__________________________________.

 

2. Орталықтың заңды мәртебесі

 

8. Орталық құрылды деп есептеледі және ол мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.  

9. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылықта шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары болады, сотта талапкер және жауап беруші болып шығады.

10. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ құрылтайшы (қатысушы) бола алмайды.

11. Орталықтың кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде құрылымдық бөлімшелері (штаттық бірліктері) болуы мүмкін.   

12. Орталық өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі қаражатпен жауап береді. Орталықтың ақшасы жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік  тисті бюджеттің қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.   

13. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшесінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. 

 

 

3. Орталық қызметінің мақсаты мен түрлері

 

14. Орталық қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру болып табылады. 

15. Мақсатқа жету үшін Орталық қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  1.  жалпы рәсімдерді өткізу: Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша азаматтарды хабардар ету және консультациялық қызметтер көрсету, құжаттарды дайындауға көмек көрсету, үміткерлердің қажеттіліктерін зерттеу мақсатымен олармен консультациялар өткізу, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалау, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау;
  2.  Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олардың мәртебесіне, кәсібіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай санаттар бойынша таратып бөлу; 
  3.  Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік келісімшартқа қол қою, оның орындалу мониторингін жүзеге асыру және оның шарттары орындалмаған кезде, заңнамаға сәйкес санкцияларды қолдану;
  4.  Мониторинг жүргзу және жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікті анықтау;
  5.  Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметтері мен психологиялық қолдау көрсету;
  6.  Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;  
  7.  Бағдарламаға қатысушылардың ұйымдардағы бос орындарға, жалақыны субсидиялау шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардағы уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;  
  8.  Өңірлердің жұмыспен қамту картасының негізінде жұмысқа орналасуға мұқтаж, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың санын айқындайды;   
  9.  Жұмыс берушілердің – кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, ауданның (қаланың) аумағында жұмыс істеп тұрған барлық заңды және жеке тұлғалардың есебін жүзеге асырады; 
  10.  Жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысудың, оның ішінде жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді таңдаудың, кәсіби оқытудан өткізудің, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетудің тәртібі мен шарттары туралы  консультациялар береді;   
  11. Мемлекеттік қолдау түрлері бойынша үміткерлердің тізімі мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және/немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алуды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастыру және оларды; 

ауданның, (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органына;  

көзделген жоба іске асырылатын жердегі ауылдық округтің, кенттің әкіміне;

конкурстық негізде іріктелген шағын қаржылық (шағын несие)  ұйымдарына немесе қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйымға;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу қажет болған жағдайда ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жіберу;   

  1.  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шалғай мал шаруашылығын салуға немесе қайта жарақтандыруға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастыру және оны инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жіберу; 
  2.  экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы ұйымдардың еңбек ресурстарына қажеттіліктері мен олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тартудың қажеттігін анықтау;  
  3.  еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға Бағдарлама шеңберінде көзделген мемлекеттік қолдау көрсету; 
  4.  қажетті еңбек ресурстарын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшіру үшін тұрғын үй салу қажеттілігі бар жұмыс берушілердің тізілімін жүргізу;  
  5.  Бағдарламаны іске асыру шеңберінде салынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй (жатақханалардан бөлме) беру; 
  6.  Ағымдағы бос орындар мен сұранысқа ие мамандықтар бойынша болжамды жұмыс орындарын құру туралы деректерді, оның ішінде бос жұмыс орындары туралы (бос лауазымдар), еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныс, болжамды бос орындар мен босатылатын мамандардың түйіндемесі туралы деректерді қамтитын жалпыұлттық деректер базасын толықтырып отыру; 
  7.  Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөнінде өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссиялар сұрататын материалдар мен мәліметтерді дайындау; 
  8.  азаматтардың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының арыздары мен өтініштерін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңанамасында белгіленген тәртіппен қарау;  
  9.  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушыларға өзге де мемлекеттік қолдау шараларын көрсету.  

16. Орталықтың өзінің осы жарғыда бекітілген қызмет нысаны мен мақсатына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ, мәмілелерді жасауына тыйым салынады. 

17.Орталықтың қызмет мақсаттарына қайшы жасалған, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген, не басшының жарғылық құзыреті бұзыла отырып жасалған мәмілесі, тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талапхаты бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. 

18.Орталық басшысының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері өзінің еңбек міндеттерін бұзу болып табылады әрі тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.      

 

 

4. Орталықты басқару

 

19. Директор Орталықтың басшысы болып табылады. 

20. Орталықтың директорын, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тиісті саладағы уәкілетті орган лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.  

21. Директор Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, (Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда) тиісті саладағы уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады. 

22. Директор жеке басқару қағидатымен әрекет етеді және Орталықтың қызмет мәселелерін Қазақстант Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалған құзыретіне сәйкес дербес шешеді. 

23. Директор Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оның мүддесін білдіреді, Орталықтың мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайталап сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, банктерде Орталықтың шоттарын ашады.   

24. Директор Орталықтың қызметіне қатысты актілерді шығарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды, Қазақстант Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен, Орталық қызметкерлеріне тәртіптік жазаларды қолданады.   

25. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды. 

26. Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және құрылтайшы өзіне жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

27. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

  1. Орталық қызметінің нысаны мен мақсаттарын айқындайды;
  2. Орталықтың Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды; 
  3. Орталықтың жарғысын бекітеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 
  4. Орталыққа әдістемелік және ұйымдық басшылықты жүзеге асырады;
  5. Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
  6. Орталыққа мүлікті бекітіп береді;
  7. Орталыққа тиесілі мүліктің  нысаналы пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 
  8. Орталықтың басқару органдарының құрылымын, қалыптасыру тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешім қабылдау тәртібін айқындайды;  
  9. Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздемесін айқындайды;  
  10.  мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;  
  11.  Орталық басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға  тағайындайды және лауазымынан босатады; 
  12.  жылдық қаржы есептемесін бекітеді;
  13. Орталыққа берілген немесе өзінің меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;  
  14. Орталықты қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
  15.  Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.  

                               

 

5. Орталықтың мүлкін қалыптастырудың тәртібі

 

28. Орталықтың шұғыл басқару құқығындағы жеке дара мүлкі болады,   ол  ______________ облысы (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың)   ______________ ауданының коммуналдық меншігіне жатады.   

29.Орталықтың мүлкі негізгі қорлардан және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ, құны Орталықтың балансында көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.  

30.Орталықтың мүлкі мыналардың есебінен қалыптасады:

1) оған құрылтайшы берген мүліктен;

2) өзінің меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай табысты қоса);

3) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден. 

31. Орталықтың өзіне бекітілген, өзіне смета бойынша бөлінген қаражаттың есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен шеттетуге немесе өзге де тәсілмен иелік етуіне құқығы жоқ.  

32.Орталықтың қызметі, Қазақстан Республикасы заңдарымен қаржыландырудың қосымша көздері белгіленген болмаса, бюджеттен______________ облысы (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың)   ______________ ауданының қаражаты есебінен қаржыландырылады.  

33.Орталық  бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы есептемесін ұсынады. 

34. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизиялауды құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 

 

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі

 

35. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және ол Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс. 

 

 

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар

 енгізудің тәртібі

36. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының шешімі бойынша жүргізіледі. 

37. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.   

 

 

8. Орталықты қайта құру және тарату шарттары

 

38. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.   

 

 

9. Мемлекеттік мекеменің  филиалдары мен өкілдіктері   туралы мәліметтер

 

39. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

 

Басшы ________________________  __________
                                                        Т.А.Ә.                 қолы

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2014 жылғы  «      »                

№     бұйрығымен

бекітілген

 

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі 

аудандық (қалалық) комиссия туралы 

үлгілік ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі   аудандық (қалалық)  комиссия (бұдан әрі – Комиссия) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында ______________ ауданының    (қаласының)  аумағында құрылды.

2. Комиссия қызметінің мақсаты  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы  № 636  қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) ______________ ауданының (қаласының) аумағында тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.           

          3. Комиссия _______________ ауданы (қаласы) әкімдігінің  жанындағы  консультативтік-кеңесші  орган болып табылады. 

          4. Комиссия _______________ ауданы (қаласы) әкімдігінің қаулысымен құрылады. 

5. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  

 

 

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

 

6. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) _______________ауданының (қаласының)  аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;  

2) Бағдарламааның іске асыру механизмдері мен бағыттарын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.   

7.   Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

  1.  ауданның (қаланың) аумағындағы мемлекеттік  органдар мен ұйымдардың, кенттердің, ауылдардың,  ауылдық округ әкімдерінің Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін әдістемелік басқару және мониторинг жүргізу;      
  2. ауданның (қаланың) Бағдарламаны іске асыруға бағытталған                іс-шаралар жоспарын қарау;   
  3. бір ауданның (қаланың) аумағында  қоныс аударатын азаматтарға қатысты, Бағдарламаға қатысушылардың құрамына  енгізу (бас тарту) туралы  ұйғарымдар дайындау; 
  4. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын  ақпараттар мен құжаттардың негізінде Бағдарламаға әлеуеттті қатысушыларды  іріктеуді жүргізу  және тиісті ұсыныстарды  өңірлік комиссиялардың қарауына жіберу;     

5) тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын қарау;

  1. Бағдарламаның іске асырылуын  тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктердің алдын алу және жою жөнінде ұйғарымдар дайындау;         
  2.  Бағдарлама бағыттарын іске асыру барысының мониторингі;   
  3. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жалға берілетін тұрғын үйдің, инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын немесе қайта құрастыруды қаржыландыру және мониторинг  мәселелерін қарау;       
  4. Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының  тиімді пайдаланылуы жөнінде  ұйғарымдар дайындау; 
  5.  _______________ ауданының (қаласының) аумағында  Бағдарламаны іске асыру  мәселелері жөнінде ұйғарымдар дайындау.  

 

3. Комиссияның құқықтары

 

8. Комиссияның мынадай құқықтары бар:      

1)  мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерімен Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша   өзара бірлесіп әрекет етуге;   

2) ауданның аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен Бағдарламаға қатысушыларды өз құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі отырыстарға шақыруға және тыңдауға; 

3) Комиссияның құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарын, консультанттарды  тартуға;  

4) өзінің функцияларын іске асыруға қажетті материалдар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдары мен азаматтарынан,  Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;   

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтары бар.

 

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

9. Комиссияның құрамы ауданның (қаланың)  жергілікті өкілдікті және атқарушы органдарының, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің аудандық (қалалық)  бірлестіктерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен  құрылады. 

10. Комиссияның құрамына кемінде бес адам енеді.  

Комиссияны төраға басқарады, оның жұмысына басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді,  жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.  

  _______________ ауданы (қаласы) әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымдағы адам Комиссияның төрағасы  бола алады. 

Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.

11. _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.  

12. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды және отырыс өткеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды. ______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры  не оның орынбасары комиссияның хатшысы болып табылады.

13. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Комиссияның төрағасы айқындайды. 

14. Комиссияның жұмысшы отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін,  үш жұмыс күнінен  кешіктірмей, комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.  

15.  Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі. 

16. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күн  ішінде қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі.  Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.   Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс. 

Комиссия  шешімдері ұйғарым сипатында болады және хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды.  

Комиссияның шешімдері олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жұмыста басшылыққа алу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға жіберіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2014 жылғы  «      »                

№     бұйрығымен

бекітілген

 

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі 

өңірлік комиссия туралы 

үлгілік ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі   өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында ______________ облысының  (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың)  аумағында құрылды.

2. Комиссия қызметінің мақсаты  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы  № 636  қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) ______________ облысының (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.  

          3. Комиссия _______________ облысы (елорда, республикалық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен құрылады. 

          4. Комиссия _______________ облысы (елорда, республикалық маңызы бар қала) әкімдігінің  жанындағы  консультативтік-кеңесші  орган болып табылады.  

5. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  

 

 

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

 

6. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) _______________ облысының (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) мемлекеттік органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;  

2) Бағдарламаның іске асыру механизмдері мен бағыттарын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.   

7.   Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

  1. Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін келісуден өткізу;
  2. бір ауданнан екіншісіне қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (бас тарту) туралы ұйғарымдар, сондай-ақ басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты  Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (бас тарту) туралы өтінімдер мен ұсыныстар дайындау;  
  3. облыста (елордада, республикалық маңызы бар қалада) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын қарау және келісу; 
  4. _______________ облысы (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) аудандық әкімдіктері мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдардың Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторинг;    

          5)_______________ облысының (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) Бағдарламаны іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын қарау;   

          6) уәкілетті өңірлік ұйымның микроқаржы (микрокредит) ұйымдары мен несие серіктестіктеріне беретін кредиттері бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің көлемін келісу;    

  1. соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша ең жоғары тиімді жылдық пайыздық мөлшерлеме көлемін келісу; 
  2. тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келісуден өткізу;
  3. жұмыс берушілердің өтінімдері мен басқа өңірлердің өңірлік комиссияларының ұсыныстары негізінде Бағдарламаға қатысушылардың  Қазақстан Республикасының басқа облыстарына қоныс аударуы жөніндегі ұсыныстарды Бағдарламаның Операторы  – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне енгізу; 
  4. базасында оқыту жүзеге асырылатын оқу орындарының тізбесі мен  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқытудың құнын бекіту; 
  5.  еңбекші жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйдің, жатақханалардың құрылысын немесе реконструкциясын қаржыландыру мәселелерін Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қарау; 
  6.  Бағдарлама бағыттарын іске асыру барысының  мониторингі және облыстық, қалалық, аудандық маңызы жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру туралы есептерін тыңдау;  
  7. Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
  8. _______________ облысының (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында  Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұйғарымдар дайындау;
  9.  Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктердің алдын алу және жою жөнінде ұйғарымдар дайындау;   
  10.  Бағдарлама  бағыттарын аудандар мен қалалар бойынша қаржыландыру лимиттерін келісу.

 

 

3. Комиссияның құқықтары

 

8. Комиссияның мынадай құқықтары бар:      

1) облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен  Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша өзара бірлесіп әрекет етуге;    

2) облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен Бағдарламаға қатысушыларды өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға; 

3) Комиссияның құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарын консультанттар (сарапшылар) ретінде тартуға;  

4) өзінің функцияларын іске асыруға қажетті материалдар мен мәліметтерді облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан және Бағдарламаға қатысушылардан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;   

5) _______________ облысының (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімдігіне осы Ереженің 7-тармағында көзделген мәселелер бойынша ұсыныстарын енгізуге;   

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтары бар.

 

 

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

9. Комиссияның құрамы _______________ облысының (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың)  жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілдерінен, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктері өкілдерінен, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен  құрылады. 

10. Комиссияның құрамына кемінде бес адам енеді.  

Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды,  Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.            _______________ облысы (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды адам Комиссияның Төрағасы  бола алады. 

Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.

11. _______________ облысының (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.  

12. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды және отырыс өткеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды. 

13. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Комиссияның төрағасы айқындайды. 

14. Комиссияның жұмысшы отырыстарының материалдары төрағамен келіслгеннен кейін отырысқа дейін,  үш жұмыс күнінен кешіктірмей, комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.  

15.  Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі. 

16. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күн ішінде  кешіктірмей қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі.  Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.   Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс. 

Комиссия  шешімдері ұйғарым сипатында болады және хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды.  

Комиссияның шешімдері олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жұмыста басшылыққа алу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға жіберіледі.

 

Бөлімдер:
18 наурыз, 2014 - 20:11 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші