You are here

«Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысанды бекіту туралы»

«Алдағы уақытта жұмыстан
босатылатын қызметкерлер 
туралы мәліметтер» әкімшілік
деректерін жинақтауға арналған 
нысанды бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысан бекітілсін.

2.    Халықты жұмыспен қамту департаменті:

1)  заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр                                                                     Т. Дүйсенова

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
_______________ А. Смайылов
2014 жылғы «___» __________   

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек
                                                                           және халықты әлеуметтік
                                                                           қорғау министрінің
                                                                           2014 жылғы «__» ___________
                                                                           № _____ бұйрығына
                                                                           қосымша
 
 
әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысан
 
Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер
туралы мәліметтер*
 
Есепті кезең 20 ___ жылдың ____ айы
 
 
Индексі: 1-жұмыстан босату
 
Кезеңділігі: ай сайын
 
Ұсынушылар: Қызметкерлерді жұмыстан босатуды жоспарлап отырған кәсіпорындар
Мәліметтер өңірлік жұмыспен қамту органдарына ұсынылады
 
Ұсыну мерзімі: есепті айдың 1-күніне
 

жолдың 

шифры

жұмыстан босатылатын қызметкердің А.Ә.Т.

 

туған күні КК.АА.ЖЖ.

жынысы

білім деңгейі

кәсібі (білімі туралы құжат бойынша мамандығы)

Қазіргі жұмыс орны бойынша кәсібі (лауазымы)

кәсібі бойынша жұмыс өтілі

қысқартылатын лауазым бойынша еңбекақы мөлшері (теңгемен)

жұмыстан босатудың күтілетін күні

Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша коды

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы _______________ адам
Нақты жұмыстан босатылған қызметкерлер (жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен) __________ адам
 
Кәсіпорындағы қызметкерлердің тізімдік саны (тізімдерді ұсынған күнге) _________________________ адам
 
Қызметкерлерді жұмыстан болжамды босатудың себебі (кәсіпорынның таратылуы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы) _________________
 
            МО                күні 20 __ жылғы «____»_______________
 
Басшы  _______________________________      _______________________
                                     Т.А.Ә.                                                 қолы
Орындаушы _______________________________      _____________________
                                                 Т.А.Ә.                                             қолы
Телефоны ___________________
 
ЭҚЖС бойынша экономика саласы (қызмет түрі) ___________________                      
 
 
 
Кәсіпорын, мекеме, ұйым____________________________
 
Мекенжайы ____________________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________
 

* Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

 
 
                              «Алдағы уақытта жұмыстан
                             босатылатын қызметкерлер
                            туралы мәліметтер» әкімшілік
                              деректерін жинақтауға
                              арналған нысанға 
                            қосымша
 

 

«Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1.    Жалпы ережелер

1. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуымен не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуымен, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруымен байланысты «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктіліктерін және еңбекақы мөлшерін және олар жұмыстан босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, қызметкерлердің саны мен санаттары туралы деректерді ұсынады.

2. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 1-күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

2. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

3.  1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

4. 2-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің (қызметкердің келісімімен) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

5. 3-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің туған күні көрсетіледі.

6.  4-бағанда жұмыстан болжамды босатуға жататын қызметкерлердің жынысы көрсетіледі.

7. 5-бағанда жұмыстан болжамды босатуға жататын қызметкерлердің білім деңгейі көрсетіледі.

8. 6-бағанда жұмыстан болжамды босатуға жататын қызметкерлердің кәсібі (білімі туралы құжат бойынша мамандығы) көрсетіледі.

9. 7-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсібінің коды көрсетіледі.

10. 8-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсібінің атауы көрсетіледі.

11.  9-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің кәсібі бойынша жұмыс өтілі көрсетіледі.

12. 10-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің қысқартылатын лауазымы бойынша еңбекақы мөлшері (теңгемен).

13. 11-бағанда жұмыстан босатудың болжамды күні көрсетіледі.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық, қалалардағы аудандық, қалалық уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 1999 жылғы 16 қазандағы № 22 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышына сәйкес мәліметтерді кәсіпорындар бөлінісінде және мамандықтар бөлінісінде енгізеді.

Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

Бөлімдер:
14 наурыз, 2014 - 20:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші