You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі "2013 жылғы 4 тоқсанға арналған" № 462-ө-м бұйрығы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 462-ө-м бұйрығы.

Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8772 тіркелген

2013 жылғы 4 тоқсанға арналған

кедейлік шегін анықтау туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің  4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету  өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
  2.  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 26 маусымдағы  № 274-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8529 тіркелген және 2013 жылғы 3 шілдедегі «Казахстанская правда» № 224 (27498), 2013 жылғы 3 шілдедегі «Егемен Қазақстан» № 162 (28101) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
  3. Әлеуметтік көмек департаменті (А.О. Табергенова) осы бұйрықтың:
    1. заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
    2. облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.
  5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

Министр                                                                          Т. Дүйсенова

 

Бөлімдер:
8 қазан, 2013 - 10:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші