You are here

Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi есептеу қағидасын

 

Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi есептеу қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 6 маусымда № 7706 тiркелдi

 

"Егемен Қазақстан" газетi 11.08.12 ж. № 495-500 (27573); "Казахстанская правда" от 11.08.12 г. № 262-263 (27081-27082); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2012 жылғы № 11 (тираждың шыққан уақыты 27.08.2012 ж.)


 

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекiтiлген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасының 7-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi есептеу қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментi (Ә.Қ. Қуан) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетi (С.Ғ. Бисақаев), «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (Р.Н. Хамзин) осы бұйрықтың талаптарын зерттеудi және олардың орындалуын ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Г. Әбдiқалықова

      «КЕЛIСIЛДI»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттiгiнiң төрағасы
      _____________ Ә. Смайылов
      2012 жылғы ____ _____________

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң     
2012 жылғы 4 мамырдағы   
№ 168-ө-м бұйрығымен    
бекiтiлген         

Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды
өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан
кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдердi есептеу қағидасы

      Осы Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi есептеу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекiтiлген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасының 7-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      ай сайынғы төлем мөлшерi – бiржола төлеу үшiн капиталдандырылған ай сайынғы сомалардың мөлшерi;
      капиталдандыру кезеңi – капиталдандыру жүргiзiлген, сот не тарату комиссиясы бекiткен құжатта (сот актiсi, кредиторлар тiзiлiмi, анықтама-есеп) көрсетiлген кезең
      капиталдандырылған төлемдер сомасы – зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердiң мүлкi есебiнен заттай нысанда өтелген сот актiсi (актiлерi), кредиторлар тiзiлiмi, анықтама-есепте көрсетiлген сома.

2. Ай сайынғы төлемдердi есептеу тәртiбi

      2. Сот актiлерiнде, конкурстық басқарушының материалдарында, анықтама-есепте, соттың немесе мемлекеттiк мұрағаттың мұрағат құжаттарында ай сайынғы төлем мөлшерi (АСТМ) туралы мәлiмет болған жағдайда, бар АСТМ қолданылады.
      3. Осы Қағидалардың 2–тармағында тiзбектелген құжаттарда АСТМ туралы мәлiмет болмаса, АСТМ капиталдандырылған төлемдердi алған әрбiр адам бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы (КТС) мен капиталдандыру кезеңi (КК) туралы мәлiметтер негiзiнде КТС-сын КК-не бөлу арқылы айқындалады:

АСТМ = КТС/КК

      4. Инфляцияның жинақталған деңгейiн есептеу (ИПЦжинақ) белгiлi бiр жылдардағы инфляция деңгейiн мынадай формула бойынша қайта көбейту арқылы жүргiзiледi:

 

      мұндағы ИПЦ 1,2,3 – белгiлi бiр жылдардағы инфляция деңгейi.
      5. Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ) ай сайынғы төлем мөлшерiн (АСТМ) ИПЦжинақ көбейту арқылы айқындалады:

АТ = АСТМ * ИПЦжинақ

3. Қорытынды ережелер

      6. Бiр азаматқа екi немесе одан да көп рет зиян келтiрiлген жағдайда ай сайынғы төлемдер сәйкесiнше екi немесе одан да көп рет есептеледi, және алынған екi немесе одан да көп АТ соңғы АТ айқындау үшiн қосылады.
      7. Осы Қағидалар мақсаттарында инфляцияның жалпы көлемiн белгiлi жылдағы қаңтар – желтоқсанда алдыңғы жылдағы қаңтар – желтоқсанға сипаттайтын жылдың орташа инфляция деңгейi қолданылады.
      Ағымдағы жылда келген тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi мәлiметтерi негiзiнде өткен жыл үшiн жылдың орташа инфляция деңгейi ИПЦжинақ есебiне енгiзiледi.

5 желтоқсан, 2012 - 17:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші