АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәліні қабылдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бас мүфти Президентті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында елдегі жалпы діни жағдай және конфессияаралық және этникааралық келісімді одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды.
Ә. Дербісәлі 11 жыл ішінде Қазақстанда өз мамандарымызды даярлау қолға алынғанын атап өтті. Осы уақыт аралығында 960 имам дайындалды, 9 медресе ашылды, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді, кітаптар шығарылды.