You are here

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 маусым N 2341 "Балалы отбасыларға әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiмдi бекiту туралы"

Балалы отбасыларға әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 маусым N 2341

 



      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. 1994 жылғы 9 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған, Әзiрбайжан Республикасының, Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Түрiкменстанның, Өзбекстан Республикасының, Украинаның Үкiметтерi жасасқан Балалы отбасыларына әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

 
     Қазақстан Республикасының
          Президентi
 
29 наурыз, 2011 - 09:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші