You are here

"Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2008 жыл N 24, 127-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 31 желтоқсан, N 426-428 (25397)


 

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 22-баптанқараңыз.

      Осы Заң өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер - өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтiк проблемаларды еңсеру үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн және оның қоғам өмiрiне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкiндiктер жасауға бағытталған қызметтер кешенi;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер - арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларда жұмыс iстейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету сапасын, көлемiн және шарттарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
      4) әлеуметтiк бейiмсiздiк - жеке адамның әлеуметтiк ортамен өзара байланысының бұзылуы;
      5) әлеуметтiк депривация - адамның (отбасының) негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн шектеу және (немесе) одан айрылу;
      6) әлеуметтiк қызметкер - арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн және (немесе) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгiленген талаптарға сәйкескелетiн қажеттi бiлiктiлiгi бар қызметкер;
      7) әлеуметтiк орта - адамның (отбасының) өмiр сүруiнiң, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтiк, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
      8) өмiрлiк қиын жағдай - адамның тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негiздер бойынша танылған ахуал.

       2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк
               қызметтер туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде  нормативтiк құқықтық актiлерiнентұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

       4-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы
               мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мен
               мiндеттерi

      1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясат:
      1) адамның құқықтарын сақтау;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң iзгiлiк, ерiктiлiк, құпиялылық, атаулылық және қолжетiмдiлiк;
      3) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуға тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттiк органдардың арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлермен өзара iс-қимылы;
      5) кешендiлiк;
      6) әлеуметтiк ықпалдасу және халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту принциптерiне негiзделедi.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:
      1) өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшiн жағдай жасау;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiменқамтамасыз ету;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
      4) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң мониторингi және оның сапасын бағалау жүйесiн дамыту;
      5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiнiң дамуын қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      7) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДIҢ
ТҮРЛЕРI ЖӘНЕ НЕГIЗДЕРI

       5-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi

      1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнжәне ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi қамтиды.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң бiрыңғай тiзбесiболып табылады.
      3. Ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс ақылы негiзде көрсетiледi.
      4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрiнде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетудi қамтуы мүмкiн.
      5. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн, мемлекеттiк секторда жұмыс iстейтiн субъектiлер жалпы сипаттағы қызметтердi бюджет қаражаты есебiнен көрсетедi.
      6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкескелуге тиiс.
      7. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң қосымша көлемiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiтедi. V0

       6-бап. Адам (отбасы) өмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы
               мүмкiн негiздер

      Адам (отбасы) мынадай:
      1) жетiмдiк;
      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық
      4) үш жасқа дейiнгi балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
      6) әлеуметтiк мәнi бар аурулардыңжәне айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардыңсалдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;
      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
      8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездiк;
      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау негiздерi бойынша өмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы мүмкiн.

3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДI
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

       7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы
               әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы
              құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiнбекiтедi;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi субъектiлердiң қызметiн лицензиялау ережелерiн бекiтедi;
      4) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнкөрсету бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың ерекше тәртiбiн айқындайды.

       8-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi
               органның құзыретi

      Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органөз құзыретi шегiнде:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтiк қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарымен оларды аттестаттаутәртiбiн әзiрлейдi және денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша бекiтедi;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау тәртiбiн әзiрлейдi және оларды денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша бекiтедi;
      4) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргiзудi;
      халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етедi;
      5) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi;
      жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен және басқа да мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның
               құзыретi

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органөз құзыретi шегiнде:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтiк қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарымен оларды аттестаттаутәртiбiн әзiрлейдi және халықты әлеуметтiк қорғау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша бекiтедi;
      3) мыналарды:
      халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргiзудi;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етедi;
      4) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi;
      жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтiк қорғау және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен және басқа да мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады.

       10-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органөз құзыретi шегiнде:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтiк қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарымен оларды аттестаттау тәртiбiнәзiрлейдi және халықты әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша бекiтедi;
      3) әлеуметтiк қызметкерлер мамандықтарының тiзбесiн, оларды даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру стандарттарын бекiтедi;
      4) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргiзудi;
      халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етедi;
      5) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы бiлiм беру ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi;
      жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдармен және басқа да мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады.

     11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың
              және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
              қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының
              құзыретi

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасындабелгiленген тәртiппен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудi;
      жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      3) мыналарды:
      арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн;
      арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердiң арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнкөрсетуiн;
      халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      4) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;
      6) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң қосымша көлемiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады; V0
      7) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады.
      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн, өз қарамағындағы субъектiлердi құруды және олардың қызметiн қамтамасыз етедi;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      4) халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      5) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады;
      6) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;
      7)  жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды.

4-тарау. ӨМIРЛIК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА)
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДI ҰЙЫМДАСТЫРУ

       12-бап. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның
                (отбасының) құқықтары мен мiндеттерi

      1. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлуiне өтiнiш бiлдiруге;
      2) өзiнiң құқықтары, мiндеттерi мен арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлу шарттары туралы ақпарат алуға;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзуге және оны айқындауға қатысуға;
      4) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнжәне (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi таңдауға;
      5) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуға немесе олардан бас тартуға;
      6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
      7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге мәлiм болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.
      2. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы):
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi айқындау және оларды көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн толық және дұрыс ақпарат беруге;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзу және оны айқындау процесiне кедергi келтiрмеуге;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi осы қызметтердi көрсетуге әсер ететiн мән-жайлардың өзгергенi туралы уақтылы хабардар етуге мiндеттi.

       13-бап. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының)
                арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлуiне
                өтiнiш бiлдiруi

      1. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жерi бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көрсетiлуiне:
      1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген және (немесе) кепiлдiк берiлген көлемнен тыс көрсетiлетiн қосымша көлемiне;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге ақылы қызметтерге жазбаша өтiнiш беру арқылы жүгiнедi.
       2. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) мүддесi үшiн арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету туралы өтiнiштi адамның (отбасының) өз бетiнше оны бере алмау себебiн көрсете отырып:
      отбасының ересек мүшелерiнiң бiреуi;
      қамқоршысы (қорғаншысы);
      кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi;
      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасынасәйкес сенiмхаты бар адам бере алады.

       14-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi
                бағалау және айқындау

      1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер айқындайтын өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiгiн бағалау және айқындау негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзу және оны айқындау кезiндегi критерийлер:
      1) тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;
      2) әлеуметтiк бейiмсiздiк;
      3) әлеуметтiк депривация;
      4) қолайсыз әлеуметтiк орта болып табылады.
      3. Әлеуметтiк қызметкер осы Заңның 13-бабындааталған адамдардан өтiнiш келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасындабелгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау негiзiнде қорытынды дайындайды, онда қызметтiң түрi, алушының санаты, қызмет көрсетiлетiн жер, қызметтiң көрсетiлу ұзақтығы, қызметтiң мазмұны, жеке ерекшелiктерi айқындалады.

       15-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету

      1. Кепiлдiк берiлген көлемнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген және қосымша көлемiн көрсету аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады. V0
      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкердiң қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету туралы шешiм қабылдайды.
      3. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуден бас тартылған жағдайда, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен, өтiнiш берушiнi одан бас тарту себептерiн көрсете отырып, жазбаша хабардар етедi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзу және оны айқындау үшiн ұсынылған құжаттарды қайтарады.
      4. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуден бас тарту үшiн:
      1) осы Заңның 6-бабындакөрсетiлген негiздерге сәйкес келмеуi;
      2) ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың дұрыс еместiгi негiз болып табылады.
      5. Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер оларды көрсету туралы шешiм қабылданған күннен бастап жүзеге асырады.
      6. Ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер жасасқан шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Адам (отбасы) зорлық-зомбылық көрген не оған әлеуметтiк бейiмсiздiк пен әлеуметтiк депривация қатерi төнген жағдайларда, арнаулы әлеуметтiк қызметтер тұрғылықты жерiне қарамастан көрсетiледi.

       16-бап. Әлеуметтiк қызметкерлердiң құқықтары
                мен мiндеттерi

      1. Әлеуметтiк қызметкердiң:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласына жаңа әдiстемелер енгiзуге, ғылыми-зерттеу қызметiмен айналысуға;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарынсақтаған жағдайда, арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
      3) кемiнде бес жылда бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға құқығы бар.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтiк қызметкер осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтардан басқа:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiкке бағалау жүргiзу және оны айқындау үшiн қажеттi мамандарды тартуға құқылы.
      3. Әлеуметтiк қызметкер:
      1) өзiнiң кәсiби құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi меңгеруге;
      2) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасын қамтамасыз етуге;
      3) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
      4) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;
      5) кәсiби шеберлiгiн тұрақты жетiлдiрiп отыруға;
      6) кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтуге мiндеттi. Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтiк қызметкер, осы баптың 3-тармағында белгiленген мiндеттерден басқа, өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке сапалы бағалау жүргiзуге және оны айқындауға мiндеттi.

       17-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн
                субъектiлердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер:
      1) бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтер, арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және    мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес қатысуға;
      2) ақылы негiзде арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң көлемi мен түрлерiне бағалау жүргiзу және оны айқындау үшiн қажеттi ақпаратты жергiлiктi атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлер:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарынсақтауға;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету үшiн қажеттi жағдайлар жасауға;
      3) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң қадiр-қасиетiн құрметтеуге;
      4) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар мен олардың отбасы мүшелерiне адамгершiлiкпен қарауға және кемсiтушiлiк iс-әрекеттерге жол бермеуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету кезiндегi құпиялылықты қамтамасыз етуге;
      6) әлеуметтiк қызметкерлердi даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

       18-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi
                қызметтi лицензиялау

      Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына  сәйкеслицензиялануға жатады.

       19-бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн
                субъектiлердi қаржыландыру

      Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi қаржыландыру:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiппен бюджет қаражаты;
      2) ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       20-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк
              қызметтер туралы заңнамасының сақталуын
              мемлекеттiк бақылау

      1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкiлеттi орган:
      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi ұйғарымды жiбередi;
      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiнi (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту үшiн қажеттi шараларды қолданады.
      3. Мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн .
       Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптанқараңыз) Заңымен, өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк
                қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн
                жауаптылық

      Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жауаптылықта болады.

       22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                      Н. Назарбаев

 

   

 

    

5 мамыр, 2011 - 10:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші