You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 287-ө бұйрығы

    Еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде болған мертігу немесе    
    денсаулығының өзге зақымдалуы салдарынан еңбек қабілетінен 
     айрылу дәрежесін белгілеуге және көмек пен күтімнің қосымша
       түрлеріне мұқтаждығын айқындауға қызметкерді куәландыру        
         ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және 
              халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы
                               7 қарашадағы № 287-ө бұйрығы

 

«Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде болған мертігу немесе денсаулығының өзге зақымдалуы салдарынан еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуге және көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындауға қызметкерді куәландыру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр Т. Дүйсеноваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                                          Г. Қарақұсова

 

 

 

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
 
 
_____________ Е. Досаев
 
_________________ 2005 ж.

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2005 жылғы «7» қарашадағы

№ 287-ө бұйрығымен

бекітілді

 

        Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде болған мертігу немесе   
        денсаулығының өзге зақымдануы салдарынан еңбек қабілетінен    
        айрылу дәрежесін белгілеуге және көмек пен күтімнің қосымша     
          түрлеріне мұқтаждығын айқындауға қызметкерді куәландыру    
                                                       ережесі
 

                                            1. Жалпы ережелер

 1. Осы Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде болған мертігу немесе денсаулығының өзге зақымдануы салдарынан еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуге және көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындауға қызметкерді куәландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және еңбек (кәсіптік) қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеу және көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждықты айқындау тәртібін регламенттейді.
2. Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде болған мертігу немесе денсаулығының өзге зақымдануы салдарынан еңбек қабілетінен (кәсіптік) айрылу дәрежесін белгілеу және көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау бойынша қызметкерді куәландыруды (бұдан әрі - куәландыру) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) медициналық-әлеуметтік сараптама өткізу жолымен жүргізеді.
 

                2. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі

3. Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде болған мертігу немесе денсаулығының өзге зақымдануы салдарынан еңбек (кәсіптік) қабілетінен тұрақты айрылуға әкеп соққан ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар қызметкерлер (бұдан әрі - қызметкер), медициналық ұйымдар қажетті диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын өткізгеннен кейін төрт айдан кешіктірмей аумақтық бөлімшеде куәландыруға жатады.

 

                               3. Куәландырудың тәртібі
 
4. Еңбек (кәсіптік) қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеуге және көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждықты айқындауға куәландыру қызметкердің тұрғылықты тұратын жері бойынша мынадай құжаттарды:
1) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (088у нысаны) ресімделген күнінен бастап 1 айдан кешіктірмей;
2) жеке басын куәландыратын құжатты;
3) тұрғылықты тұратын жері туралы мәліметтерді;
4) амбулаторлық картаны;
5) еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
6) Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы
«Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесін бекіту туралы» № 326 қаулысымен бекітілген жазатайым оқиға немесе еңбек қызметіне байланысты қызметкер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша актіні;
7) «Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның екі жылдан аспаған қорытындысын (кәсіптік ауру жағдайында) берген кезде жүргізіледі.
5. Куәландыру еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін азаматтық-құқықтық сақтандыруды жүзеге асыруға арналған лицензия алған жұмыс берушінің, заңды тұлғаның (бұдан әрі – сақтандырушының) өтініші бойынша немесе соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
6. Егер қызметкер медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты куәландыруға келе алмаса, онда куәландыру үйде, стационарда қызметкердің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ұсынылған құжаттардың негізінде жүргізіледі.
7. Куәландыру ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, қызметкерді тексеру, организм функцияларының бұзылуы және тіршілік тынысының, оның ішінде еңбекке қабілетінің шектелуі дәрежесінің бағалау жолымен аумақтық бөлімше бастығының және кемінде екі бас маманның қатысуы кезінде алқалы түрде жүргізіледі.
Қызметкерді куәландыру кезінде жұмыс беруші мен сақтандырушы қатысуға болады.
8. Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне және еңбек қабілетін жоғалтуына байланысты қызметкерге еңбек (кәсіптік) қабілетінің жоғалтуы 5-тен 100 пайызға дейін белгіленеді.
9. Еңбек (кәсіптік) қабілетін жоғалту дәрежесі мына мерзімдерге: 6 айға, 1,2 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.
Еңбек (кәсіптік) қабілетін жоғалту дәрежесінің мерзімі қызметкердің оңалту әлуетіне сәйкес белгіленеді.
10. Қайта куәландыру мерзімінсіз еңбек (кәсіптік) қабілетін жоғалту дәрежесі:
1) қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктері;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған кезде, аумақтық бөлімше еңбек (кәсіптік) қабілетінен айырылу дәрежесі 80-нен 100 пайызға дейінгі қызметкерге кемінде төрт жыл, 5-тен 80 пайызға дейінгі қызметкерге кемінде алты жыл қадағалаудан кейін белгіленеді.
11. Аумақтық бөлімшенің сараптама қорытындысы осы Ереженің                    4-тармағында белгіленген құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей шығарылады.
12. Қызметкердің аумақтық бөлімшеге өтініш берген күні еңбек (кәсіптік)қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеу және көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау күні болып есептеледі.
13. Қызметкерге еңбек қабілетін (кәсіптік) жоғалту дәрежесі белгілеу және көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау кезінде:
1) еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі туралы анықтама;
2) медициналық көрсеткіш болса көмек пен күтімнің қосымша түрлері туралы анықтама;
3) медициналық айғақтар болған кезде, арнайы жүріп-тұру құралдарына мұқтаждығы туралы анықтама беріледі.

14. Еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі туралы, көмек пен күтімнің қосымша түрлері туралы, арнайы жүріп-тұру құралдарына мұқтаждығы туралы анықтамадан үзінділер сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сараптамалық қорытынды шығарылған күнінен бастап 3 күн мерзімде жұмыс берушіге жіберіледі.

 

4. Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде болған мертігу немесе денсаулығының өзге зақымдануы салдарынан көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне қызметкердің мұқтаждығын айқындау

15. Аумақтық бөлімше медициналық ұйымдар қортындыларының
негізінде қызметкердің мыналарға:
1) қосымша медициналық көмекке (азаматтарға тегін медициналық көмек
көрсетудің мемлекеттік кепілдікті көлемінің тізбесіне енбейтін), оның ішінде қосымша тамақтануға және қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға;
2) қызметкерге басқа адамның, оның ішінде оның отбасы мүшелері жүзеге асыратын күтімге (арнайы медициналық және тұрмыстық);
3) санаторлық-курорттық емделу кезеңіндегі барлық демалыс уақытына
және қызметкердің емделу орнына баруына және келуіне, қажетті жағдайларда – оның ілесіп баратын адамының санаторлық-курорттық емделу орнына бару және кейін келу жолақысын қоса алғанда, санаторлық-курорттық емделуге;
4) қызметкерге еңбек қызметіне және тұрмыста қажетті техникалық
көмекші (компенсаторлық) құралдарына;
5) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге;
6)  кәсіптік оқуға (қайта оқуға) мұқтаждығын айқындайды.  

 

 

 

 

Бөлімдер:
25 сәуір, 2011 - 12:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші