You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 170-ө бұйрығы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорының қызметін тексеру жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін тексеру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

Министр                                                                                    Г. Қарақұсова

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының

 қызметін тексеру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»

2004 жылғы «30» шілдедегі

№ 170-ө бұйрығымен

бекітілген

 

  

                           Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының
                                қызметін тексеру жөніндегі нұсқаулық
   
                                            1. Жалпы ережелер
 
1. Осы Ереже "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 25 ақпандағы Заңының  11-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі тұрақты және тиімді қызмет ету, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорындағы (бұдан әрі – Қор) әлеуметтік аударымдардың сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қор қызметіне бақылауды тексеру арқылы жүзеге асырады.
3. Қор қызметін тексеруді Министрліктің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен құрылатын комиссия жүзеге асырады.
Комиссияның құрамына келісім бойынша басқа мемлекеттік органның мамандарын да тартуға болады.
4. Тексерудің  негізгі қағидалары:
1) тәуелсіздік;
2) әділдік;
3) құпиялық.
5. Тексеру Қордың барлық қызметін Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде тәуелсіз тексеру болады.
 

                                  2. Қорды тексерудің негізгі элементтері

6. Тексерудің түрлері:
1) кешенді тексеру – күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылатын
Қордың барлық қызметін тексеру;
2) ағымдағы тексеру (жекелеген мәселелер бойынша тексеру) – Қордың
қызметін, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының, төлеушілердің, алушылардың, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер есебі жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың өтініштері мен үндеулері, (наразылықтары) бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарымен белгіленген жекелеген мәселелер бойынша тексеру;
7. Қордың қызметін кешенді тексеру мыналарды:
1) міндетті әлеуметтік аударымдардың шоғырлануын;
2) Қордың жарғы капиталы көбейген кезде ұсынған құжаттардың дәлдігі мен толықтығын;
3) Қордың бухгалтерлік есебі мен есеп саясатын жүргізуді;
4) Қор инвестициялық қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асыруын;
5) меншікті қаражат пен Қор активтеріне есепті жеке жүргізуін;
6) төлеушінің Қорға артық төлеген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтаруды;
7) Қордың қаржы және статистикалық есеп берулерінің дұрыстығын,
дәлдігін және уақыттылығын;
8) Қордың уақытша бос қаражатты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіге қаржы құралдары арқылы орналастырылуын;
9) Қордың қаражатты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер есебі жөніндегі уәкілетті органның есебіне аударуын;
10) Қордың қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты жұмсауын
11) Қор қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін бақылау арқылы жүзеге асырылады.
8. Ағымдағы тексеру қажеттілігіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жоғарыда көрсетілген қатысушыларының өтініштері мен үндеулері (наразылықтары) келіп түсуіне орай және соларға сәйкес жүзеге асырылады.
 

                                         3. Қорды тексеру

9. Тексеру Министрліктің бірінші басшысының тапсырмасы мен бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
10. Тапсырма мыналарды қамтиды:
1) тексерудің түрін;
2) тексеру өткізудің мерзімін;
3) ағымдағы тексеру мәселелерін;
4) комиссия құрамын.
11. Комиссияның құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс.
Комиссияның құрамына:
Министрлік қызметкерлері;
басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері (келісім бойынша) кіре алады.
Комиссияның төрағасы болатын адам басқарма бастығының лауазымынан төмен қызметте болмауға тиіс.
Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
12. Болатын тексеріс туралы комиссия Қорға алдын ала хабарлауға құқығы бар.
13. Тексеру жүргізілген кезде комиссия құжаттарды қабылдап-тапсыруды олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, тиісті акті жасау арқылы жүзеге асыруға тиіс.
14. Жүргізілген тексеру нәтижелері есеп берумен ресімделеді.
15. Есеп Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және басқа да мемлекеттік органдарға Министрліктің бірінші басшысының рұқсатымен қызметтік  міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде беріледі. Есептегі ақпаратты жариялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке апарып соғады.
16. Тексеру аяқталғаннан кейін есеп Қордын бірінші басшысымен және бас бухгалтерімен немесе олардың міндетін атқарушы адамдармен талқыланады.
17. Тексеру аяқталғаннан кейін есепке комиссия мүшелері, Қордың бірінші басшысы және бас бухгалтері немесе олардың міндетін атқарушы адамдар қолдарын қояды.
Есеппен немесе есептің бөлігімен келіспеген жағдайда Қордың бірінші басшысы  және бас бухгалтері немесе олардың міндетін атқарушы  адамдар  есепке өзінің жазба ескертулерін қосымша беруге құқылы.
18. Қорды, оның қызметінің негізгі бағыттары бойынша тексерудің
нәтижелері Қор басшылары, ал қажет болғанда Қордың басқа да лауазымды  адамдары шақырылып, Министрлік басшылығының отырысында талқыланады. Есеп беру тексеру нәтижелерінің талқылауы аяқталғаннан кейін Министрлікте де түзетіле алады.
19. Қол қойылғаннан кейін есеп беруді Министрліктің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
20. Есепте Қор қызметінің комиссия тексерген барлық аспектілері болуға тиіс.
21. Есептің екі данасына қол қойылады. Бір данасы бекітілгеннен кейін Қорға беріледі, ал екіншісі – Министрлікте сақталады.
22. Тексеру нәтижелері бойынша Министрлік Қазақстан Республикасы Заңдарының бұзушылықтары анықталған жағдайда Қор бұзушылықтарын жою мерзімін белгілеп, бұйрық шығарады.
 

 4. Комиссияның және Қордың құқықтары мен міндеттері

23. Комиссияның:
1) Қордың қызметін толық және нақты тексеруді жүзеге асыру
үшін қажет құжаттарға қол жеткізу алуға;
2) құжаттарды беру мерзімін белгілеуге;
3) есептелу үшін қажет құжаттардың көшірмесін  жасауға;
4) Қордың қызметіне қатысы бар кез келген адамнан ақпарат алуға;
5) тексеру жүргізуге Қор кедергі жасаған жағдайда Министрлікке
хабарлауға және тексеруді тоқтатуға құқығы бар.
24. Комиссия:
1) Қор берген құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) Қордан алған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
3) Қордың, төлеушілердің, алушылардың, сондай-ақ Қордың қызметіне
қатысы бар үшінші адамдардың да құқықтары мен мүдделеріне қысым
жасайтын әрекеттерден тартынуға міндетті.
25. Қордың:
1) комиссия белгілеген құжаттарды беру мерзімін ескертуге;
2) қол қойған кезде есеппен танысуға;
3) қарсылықтар болғанда  өзінің ескертулерін қоса беруге;
4) комиссия мүшелері лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғанда Министрлік басшылығы мен құқық қорғау органдарына хабарлауға құқығы бар.
26. Қор:
1) комиссия қызметкерлеріне тексеру жүргізу үшін үй-жай тауып беруге;
2) комиссия мүшелеріне Қор ғимаратына еркін кіріп-шығуды қамтамасыз етуге;
3) комиссия мүшелеріне құжаттар беруге жауапты қызметкерлерді белгілеуге;
4) тексеруге қатысты мәселелер жөнінде түсіндірулер беруге;
5) белгіленген мерзімде Министрлікке анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы жазбаша есеп беруге міндетті.
27. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
  
Бөлімдер:
25 сәуір, 2011 - 09:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші