You are here

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шiлде N 414-I

Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шiлде N 414-I

 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 647-құжат

 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19.  N 9  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

      Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгiленген стажы бар азаматтарды әлеуметтiк қорғауға бағытталған.
       Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19.  N 9  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

  МАЗМҰНЫ

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) мемлекеттiк арнайы жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгiленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берiлетiн төлем; 

      1-1)  уәкiлеттi ұйым  (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;

      1-2)  жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган  - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;
      2)  алып тасталды
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N  148  (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан  қараңыз), 2007.12.19.  N 9  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат

      Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.   

  2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi

       3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртiппен жәрдемақы алуға құқығы бар.

      2. Жәрдемақы ай сайын төленедi.

      3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленедi.

       4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң  N 1 тiзiмi  бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
      еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемiнде 20 жыл болып, оның кемiнде 10 жылын аталған жұмыстарда iстегенде;
      әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемiнде 15 жыл болып, оның кемiнде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда iстегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң  N 2 тiзiмi  бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
      еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемiнде 25 жыл болып, оның кемiнде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда iстегенде;
      әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемiнде 20 жыл болып, оның кемiнде 10 жылын аталған жұмыстарда iстегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.

      3. Өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 2 тiзiмi бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етiлетiн жұмыс стажы жеткiлiксiз болған жағдайда Өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 тiзiмi бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады.

      4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлiкке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жеңiлдiктi жағдайларда шыққан азаматтарға қолданылмайды.
       Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.12.19.  N 9  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

       5-бап. Жәрдемақы тағайындауға өтiнiш жасау

      1. Жәрдемақы тағайындауға өтiнiш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейiн кез келген уақытта қандай болса да мерзiмi шектелмей жүзеге асырылады. 
      Бұл орайда жәрдемақы тағайындауға өтiнiш жасалған уақытқа дейiн жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. 

      2. Жәрдемақы тағайындау туралы арызды оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа бередi. V075081

      3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган  тiзбесiн  Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын құжаттар табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

      4. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi.

      5. Жәрдемақы, барлық қажеттi құжаттар қоса тiркелiп, арыз берiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген  тәртiппен  тағайындалады.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N  148  (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       6-бап. Жәрдемақы мөлшерi

      1. Өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 тiзiмi бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы тоғыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.

      1-1. Өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 2 тiзiмi бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.

      2. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде осы заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы  заңдарына  сәйкес Орталықтан зейнетақы төлеудi тағайындау арасында таңдау жасауға құқық берiледi.
       Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.15. N  101 , 2007.12.19.  N 9  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       7-бап. Жәрдемақы төлеу

      Жәрдемақы төлеудi Орталық ағымдағы ай үшiн жүргiзедi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.

      Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне не жерлеудi жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы жәрдемақы төленедi.

      Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген  тәртiппен  жүзеге асырылады. 
       Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.31. N  326 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.04. N  148  (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

  3-тарау. Қорытынды ереже

       8-бап. Осы заңды күшiне енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

     

18 сәуір, 2011 - 18:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші