check

You are here

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат

 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет түсетін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен жаңа Ереже (бұдан әрі – Ереже), мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру және бағдарламалары бекітілді.

«Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу (заңнаманы білуге арналған тестілеу) Ережесіне  сәйкес тестілеу үш бағдарламадан тұрады.

Бірінші бағдарлама: 10 Заң, 130 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (155 сұрақ) 95 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ),
  2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ),
  3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ)
  4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),
  7. «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ),
  8. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)
  10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ)

Екінші бағдарлама:  9 Заң, 105 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (130 сұрақ) 78 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ),
  2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ)
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),
  6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ),
  8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ)
  9. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ)

Үшінші бағдарлама: 7 Заң, 85 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (100 сұрақ) 50 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ),
  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ),
  5. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  6. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)
  7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ)

Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың ішінде автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.

Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.

Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі.

Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

25 желтоқсан, 2012 - 18:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші