check

You are here

Хаттама

 

 

                                                           ХАТТАМА

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет пен «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін – Еңбекті қорғаудың Халықаралық күніне арналған Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде конкурс өткізу турасындағы кеңесі.

 

Астана қаласы                                                           2011 жылғы 4 наурыз

 

                                                   Төрағалық  етуші:

 

Комитет төрағасы                                                                 - С.Ғ.Бисақаев

                                                       Қатысқандар:

«ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры – Б.А.Әшірова, «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналының редакторы – Р.Ж.Еділов, Комитет төрағасының орынбасары – Т.К.Оспанқұлов, бас сарапшы, заңгер – Н.А.Тілеуов.

_______________________________________________________________

 

                                                     Күн  тәртібінде

1.Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою.

2. Конкурсты өткізу жөніндегі Ережелерді, конкурс жеңімпаздары атағын беретін комиссия туралы Ережені, Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурсқа қатысушының Сауалнамасын әзірлеу және бекіту.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Бірінші мәселе бойынша Комимтет төрағасы – С.Ғ.Бисақаев сөз сөйледі, ол жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Еңбекті қорғаудың Халықаралық күніне арналған Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурс өткізу жөнінде Комитет пен «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасады. Ұсыныс кеңеске қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Екінші мәселе бойынша «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры - Б.А.Әшірова сөз сөйледі. Ол кеңеске қатысушылардың назарына конкурс жеңімпаздары атағын беретін комиссия туралы Ережені, конкурсты өткізу жөніндегі Ережелерді, Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурсқа қатысушылар толтыратын Сауалнаманы ұсынды, әзірленген жобалардың бәрі мақұлданды.

Кеңеске қатысушылардың сөздерін тыңдай отырып, мынадай шешім қабылданды:

1. Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет пен оның аумақтық органдарына «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-мен бірге:

1) 2011 жылғы 28 сәуірдегі Еңбекті қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күнін атап өту мақсатында Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде конкурс өткізуді ұйымдастыруды тапсыру.

2) Қосымша ұсынылған:

а) Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде конкурс өткізудің Ережелерін;

б) Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі конкурс жеңімпаздары атағын беретін комиссия туралы Ережені бекіту.

 

«ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС:

 

● Конкурс шарттарын «Қазақстанда еңбекті  қорғау» журналында жариялайды.

● Конкурсты өткізу жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алады.

● Конкурсқа қатысушылардан құжаттар жинастыру мен оларға талдау жасауды жүзеге асырады және комиссияның қарастыруына ұсынады.

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет:

 

● Конкурсты өткізуге жәрдемдеседі.

● Конкурс жеңімпаздарын грамоталармен марапаттайды.

● Конкурс өткізуге ақпараттық-талдаушылық қолдау көрсетеді.

3. Осы хаттаманың орындалуына бақылау жасауды Т.К.Оспанқұлов пен Р.Ж. Еділовке жүктеу.

 

 

      Төраға                                                                       С.Бисақаев

 

 

 

           Хаттаманы ресімдеген:                                                          Н.Тілеуов

24 наурыз, 2011 - 19:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші