You are here

Жаңалықтар мұрағаты

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2005 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Үкімет депутаттардың қарауына енгізген Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өтті.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) сарапшылары, Ресей Федерациясының, Қазақстанның ғалым заңгерлері, экономистері, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» жаңа заң олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасайды

Астана. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат. Елбасы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі
мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы туралы

2005 жылғы 1 шілдеден бастап «Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасыеың Заңы қолданысқа енгізіледі.

Ресейдің «Трансаэро» компаниясы соғыс ардагерлерін ТМД және Еуропа аймағында жеңілдікпен тасымалдамақ ниетте
Алматы. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Раушан Төленқызы/ - Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ресейдің «Трансаэро» әуе компаниясы сәуірдің 1-і мен мамырдың 15-і аралығында соғыс ардагерлерін ТМД мен Еуропа аймағы мемлекеттеріне жеңілдікпен тасымалдамақ, деп хабарлады ҚазАқпаратқа компанияның Қазақстандағы өкілі Владимир Кушниренко.
Алматы. ҚазАқпарат. Бүгін, наурыздың 14-і күні Алматыда шетелдік “Procter&Gamble” компаниясының бастамасымен “Мемлекет және бизнес: әлеуметтік жобаларды бірігіп жүзеге асыру” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл компания өткен он жыл ішінде Қазақстан нарығында өз орнын алып, елдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жүйелі түрде қатысып отырған ұйымдар қатарына кіреді.
14.03.05 Бүгін Парламентте өткен Үкімет сағатына Республика Президентінің биылғы Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылауға бірден төрт министр шақырылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері үш сағат бойы қос палата депутаттарының сұрақтарына жауап берді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Қарағұсованың қатысуымен министрліктің алқа отырысы өтті


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткен жылы Үкімет бекіткен іс-шаралар жоспарын толығымен орындады.Бұл туралы 2004 жылды қорытындылаған алқа отырысында аталған министрліктің басшысы Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Астана, 2005 жылғы ақпанның 18-і.

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші