You are here

Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстанда өндірістік жарақаттану 13% - ға төмендеді

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республика кәсіпорындарында 757 жазатайым оқиға орын алды, нәтижесінде 848 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13% – ға төмен (2018 жылдың 8 айында – 975 адам), оның ішінде – 95 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28% - ға төмен (2018 жылы-133 адам).

АӘК

Павлодар облысында өздерінің нақты табыстарын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға заңсыз қол жеткізген 444 отбасына төлемдер тоқтатылды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Майгүл Рахымжанова Павлодар облысы тұрғындарының әлеуметтік қызмет қызметкерлерін алдау фактілері туралы хабарлады. Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болып табылады.

пенсионное обеспечение

2019 жылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері -1 029,7 млрд теңге бағытталды.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.

203 отбасы Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға көшіп барды

«Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасын іске асыру аясында Павлодар облысына ерікті түрде қоныс аудару бойынша 2019 жылдың мамырынан бастап Қазақстан астанасынан Екібастұзға 203 отбасы немесе 1 мың 169 адам көшті.

Жұмыс күші артық өңірлердің тізімін биылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласы толықтырды. Кеншілер қаласына көшуді шешкен елорда тұрғындары үшін Екібастұзда өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қоныс аударушыларды тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етеді, ал қажет болған жағдайда оқуға жібереді.

Б.Нұрымбетов бизнесті бастау үшін көп балалы отбасыларға микрокредиттер қалай берілетінін айтты

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша алқа отырысы барысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бейнеконференцбайланыс режимінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне жеке бизнесті бастау үшін көп балалы отбасыларға микрокре

Еңбек министрлігінің басшысы мүгедектерді оңалтуды қамтамасыз ету мәселесін жеке бақылауға алды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстан аймақтарында мүгедектерді оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету мәселесін жеке қадағалайтын болады.

Б.Нұрымбетов өңірлердің әкім орынбасарларына азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша тапсырма берді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөніндегі алқа отырысы барысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бейнеконференцбайланыс режимінде облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері орынбасарларының алдына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау және 2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан

Б.Нұрымбетов зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтты

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөніндегі алқа отырысы барысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бейнеконференцбайланыс режимінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ҚР

ҚР Еңбекмині әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша ең өзекті мәселелерді түсіндіру үшін арнайы аккаунттар ашты.

Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, ҚР Еңбекмині халықпен сындарлы диалог құру үшін арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.

Атаулы әлеуметтік көмек шынымен жаңа өмір бастауға көмектеседі – Павлодар облысының тұрғыны

Түркістан облысы Арыс қаласынан Павлодар облысының Майқоңыр ауылына қоныс аударған Серік Жәдігердің көпбалалы отбасысы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. Қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) және басқа да төлемдерді алып, жаңа, мұқтажсыз өмір сүруді бастай алды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші