Пресс-релиз
2009 жылғы 1 шілдеден бастап базалық әлеуметтік төлемдер
мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшерін арттыру туралы
««2009-2011 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2009
жылғы 9 сәуірдегі №150-IV Заңына сәйкес 2009
жылдың 1 шілдесінен бастап ең
төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТКД)
мен айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК)
мөлшері арттырылатын болады.
Бұл ЕТКД негізінде есептелетін базалық
әлеуметтік төлемдерді және АЕК негізінде есептелетін мемлекеттік
арнайы жәрдемақыларды арттыруға негіз болып табылады, атап
айтқанда:
- базалық әлеуметтік
төлем мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жаңа ЕТКД
мөлшері 13 717 теңгеге негізделе отырып есептеледі;
- мемлекеттік арнайы жәрдемақылар жаңа
АЕК мөлшері 1 296 теңгеден есептеліп,
2% көбейеді.
Базалық зейнетақы
төлемінің мөлшері 5487 теңгеге дейін (жаңа ЕТДК
шамасының 40 пайызы) артады.
Осыған байланысты,
базалық зейнетақыны қосқанда, зейнетақы төлемінің
ең төменгі мөлшері 15362 теңгені, орташа мөлшері
– 22592 теңгені, ең жоғарғы мөлшері – 32220
теңгені құрайтын болады.
Аталған шаралар
зейнетақының сатып алу қабілетін сақтауға
және Елбасының тапсырмаларына сәйкес зейнетақымен
және әлеуметтік қамсыздандыру деңгейінің
нақты жоғарылатуға мүмкіндік береді.