ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
        Ақпараттық  -  Талдау  Орталығы
Министрдің блогы
 
 
Негізгі бетке шығу
ҚР Нышандар
Жаңалықтар
Заңдар
Статистика
Көші-қон
Өзекті тақырыптар
Жіктеуіштер, жобалар
Аналитикалық ақпарат, азаматтардың өтініштеріне шолу
Сұрақ-жауап
Халықаралық ынтымақтастық
Бос жұмыс орны
Резюме
Еңбек рыногі
Еңбек қорғау
Министрлік жөнінде
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі
Конкурстар
Пікіртерім
 
 
Жылдам сілтемелер
  • Мен қoсқан бос жұмыс орны
  • Бос жұмыс орнын қосу
  • Жұмыс берушіні тіркеу
  • Менің резюмем
  • Резюмені іздестіру
  • Жұмыс іздеушіні тіркеу
  • Мои рассылки
  • Жазылымға тіркеу
  •  
     
    * Біркүндік бос жұмыс орны
  • Техник геолог...
  • Охранники сотрудники службы внутрен...
  • Административная работа Архивариус...
  • Начальник службы (в промышленности) (по ра...
  • Продавец ...
  •  
    Сайт бойынша іздестіру:


    Бос жұмыс орнын қосу:

    жан жақты іздестіру

    Резюмені іздестіру:

    жан жақты іздестіру
     
    Соңғы 5 жылда жанұяңыздың табысы өсті ме ?






    Барлық берілген дауыстар: 867
    нәтижесін көру үшін дауыс беріңіз  


    Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы. Барлық контексті толық ашу үшін тақырып аты көрсетілген жолды басу қажет

    мағына

    БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

     

    2008 жылғы 14-15 шілдеде Астана қаласында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның базасында   ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 және «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптар»  деген 12.0.230-2007 МЕМСТ-ны енгізу жөніндегі арнайы ақпараттық оқу семинары өтті.

    Семинар ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ерекшеліктерін, оның артықшылықтары мен басқа елдерде қолдану тәжірибесін түсіндіру мақсатында өткізілді.

    ТМД-ның 11 мемлекеті (Грузиядан басқа) 2007 жылдың наурызында «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Жалпы талаптар. ILO-OSH 2001. (IDT)»  Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі 12.0.230-2007 МЕМСТ-ның жаңа мемлекетаралық стандартын қабылдады.

    Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 249-од бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында бұл МЕМСТ                  2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

    Жаңа МЕМСТ  ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Еңбекті қорғауды басқару жүйелері жөніндегі нұсқаулықта жазылған Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) принциптеріне ұқсас және толығымен сәйкес келеді.

    Жаңа МЕМСТ-ның Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығы неде?

    Біріншіден, бұл МЕМСТ еңбекті қорғауды басқару жүйесін регламенттейтін әлемдегі жалғыз ресми халықаралық құжатқа – ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Нұсқаулығына сәйкес келеді.

    Екіншіден, кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жетілдіруге септігін тигізеді, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби аурулардың азаюына әкеледі. Халықаралық практикада сыналған еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу республика ұйымдарында еңбекті қорғауды басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Үшіншіден, еңбекті қорғауды басқару жүйесі модельінің болуы жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі іс-қимылдарының еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігінің нормативтік талаптарына сәйкестігін айқындау мүмкіндігін туғызады.

    ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу жай ғана, бір сәтте болатын процесс емес, ол үшін алдағы уақытта байыпты жұмыс жүргізу керек.

    Семинарға қатысушылар 12.0.230-2007 МЕМСТ-ны енгізу жұмыскерлерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен қорғауға, жазатайым, оның ішінде өлім-жітімге әкелетін оқиғалардың және өндірістегі кәсіби аурулардың алдын алуға мүмкіндік туғызатынын атап айтты. Семинардың қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға өздерінің жаңа еңбекті қорғауды басқарудың корпоративтік жүйелерін құру кезінде осы стандартты қолдану ұсынылды.

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері сондай-ақ жаңа МЕМСТ-ның енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамалық базасында көрініс табатынын атап айтты.

    Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.С. Әбденов, РҚ ЕХӘҚМ Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Б.Б. Нұрымбетов, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған ХЕҰ-ның Қосымша өңірлік бюросы ХЕҰ бағдарламаларының өңірлік үйлестірушісі                            Р.А. Литвяков, Пермь ХЕҚ-мен ынтымақтасатын ақпараттық орталығының директоры, профессор Г.З. Файнбург, РҚ ЕХӘҚМ аумақтық органдарының мемлекеттік еңбек инспекторлары, ірі кәсіпорындардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК жаңа МЕМСТ-ның республикада іс жүзінде енгізілуіне бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.


    күні атау
    05.03.2008 Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау ережесіне сәйкес қызмет атқаратын мамандандырылған ұйымдардың тізімі.  
    15.02.2008 Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау ережесіне сәйкес қызмет атқаратын мамандандырылған ұйымдардың тізімі.  
    26.11.2007 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 3 қарашадағы № 251-б бұйрығымен бекітілген «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау ережесіне сәйкес қызмет атқаратын мамандандырылған ұйымдардың ТІЗІМІНЕ (23.11.2007ж) қосымша  
    21.11.2007 Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесі  
    21.11.2007 Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесін бекіту туралы  
    21.11.2007 Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі  
    21.11.2007 «Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарды еңбек нормаларын және еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі параметірлерін мекемелері жұмысшыларының ұсыну, қарау және келісу ережесін бекіту туралы»  
    21.11.2007 Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі  
    21.11.2007 Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесін бекіту туралы  
    09.11.2007 Мемлекеттік еңбек инспекторлары актілерінің нысандарын бекіту туралы  
    09.11.2007 Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы  
    09.11.2007 Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін қолдану жөніндегі нұсқаулық  
    09.11.2007 Мемлекеттік еңбек инспекторлары актілерінің нысандарды бекіту туралы  
    09.11.2007 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу Журналы  
    Страница:  1  2  3  4  5  6 
     
      


    Сайтты жасаған РМҚК "Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық талдау орталығы"(АТО), 2004-2007 ж.