ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
        Ақпараттық  -  Талдау  Орталығы
Министрдің блогы
 
 
Негізгі бетке шығу
ҚР Нышандар
Жаңалықтар
Заңдар
Статистика
Көші-қон
Өзекті тақырыптар
Жіктеуіштер, жобалар
Аналитикалық ақпарат, азаматтардың өтініштеріне шолу
Сұрақ-жауап
Халықаралық ынтымақтастық
Бос жұмыс орны
Резюме
Еңбек рыногі
Еңбек қорғау
Министрлік жөнінде
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі
Конкурстар
Пікіртерім
 
 
Жылдам сілтемелер
  • Мен қoсқан бос жұмыс орны
  • Бос жұмыс орнын қосу
  • Жұмыс берушіні тіркеу
  • Менің резюмем
  • Резюмені іздестіру
  • Жұмыс іздеушіні тіркеу
  • Мои рассылки
  • Жазылымға тіркеу
  •  
     
    * Біркүндік бос жұмыс орны
  • Специалист Супервайзер (термоизоляци...
  • Специалист Изолировщик на термоизоля...
  • Менеджер оборудование АСУ ТП и КИП...
  •  
    Сайт бойынша іздестіру:


    Бос жұмыс орнын қосу:

    жан жақты іздестіру

    Резюмені іздестіру:

    жан жақты іздестіру
     
    Соңғы 5 жылда жанұяңыздың табысы өсті ме ?






    Барлық берілген дауыстар: 821
    нәтижесін көру үшін дауыс беріңіз  


    Сіз мұнда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде көрсетілген жобаларды таба аласыз. Барлық контексті көрсету “Күні” көрсетілген жолды басыңыз.

    18.03.2009

    «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік

    қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және

    оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы»

     

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 ж. 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығы

    ҚР Әділет министрлігінде 2009 ж. 25 ақпанында № 5565 тіркелген

     «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының    2008 жылғы   желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1)  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;

    2) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.

    2. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер  департаменті  (Манабаева Қ. А.)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  мемлекеттік  тіркелуін қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Г. А. Ділімбетоваға жүктелсін.

    4. Осы бұйрық  алғаш  ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

    Министр                                                                               Б. Сапарбаев

     

     

     

    «КЕЛІСІЛДІ»                                              «КЕЛІСІЛДІ»

     

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрі

     

    __________ Ж. Досқалиев

    «29» қаңтар 2009 жыл 

     

    Қазақстан Республикасының

    Білім және ғылым министрі

             

               ______________ Ж. Түймебаев

              «27» қаңтар 2009 жыл

     

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрінің

    2009 жылғы «26» қаңтар № 25-ө бұйрығымен

    бекітілген

     

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

    1. Осы біліктілік талаптары  халықты әлеуметтік қорғау саласындағы  мынадай  әлеуметтік қызметкерлерге қойылады:

    1) арнаулы әлеуметтік  қызметтерге  қажеттілікті  бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    2) әлеуметтік қызмет жөніндегі маман;

    3) үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

    2. Әлеуметтік қызметкер:

     «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;

    арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; 

    арнайы педагогика, психология және  әлеуметтік жұмыс негіздерін білуге тиіс.

    3. Арнаулы әлеуметтік  қызметтерге  қажеттілікті  бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің  біліктілігіне қойылатын талаптар:

    жоғары білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша);

     мамандығы бойынша кемінде 3 жыл немесе  әлеуметтік қызмет жөніндегі  маман лауазымындағы   кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

    4. Әлеуметтік қызмет жөніндегі маманның біліктілігі мынадай талаптардың  біреуіне  сәйкес болуға тиіс:

    жоғары білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) және  мамандығы бойынша немесе арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  саласындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

    техникалық және кәсіптік немесе  ортадан кейінгі білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша), мамандығы бойынша немесе  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы  кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

    5. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі  әлеуметтік қызметкердің  біліктілігіне  қойылатын талаптар:

     техникалық және  кәсіптік немесе  ортадан кейінгі білім (әлеуметтік жұмыс бойынша болғаны дұрыс,  медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша).

     

     

     

     

                                                                             Қазақстан Республикасы 

                                                                         Еңбек және халықты әлеуметтік

                                                                                     қорғау министрінің

                                                                         2009 жылғы   ___ _________

                                                                                    № _____ бұйрығымен

                                                                                               бекітілген

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

    әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі

    1. Жалпы ережелер

     

    1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже)   халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін айқындайды. 

    2. Аттестаттауға арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер,  әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер жатады.

    3. Аттестаттаудың негізгі мақсаты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдістерді білетін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

    4. Аттестаттау бес жылда кемінде бір рет өткізіледі, бұл ретте бала күтімі жөніндегі демалыста жүрген әлеуметтік қызметкерлер қызметке шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін аттестатталады. 

    5. Аттестаттау:  

         1) біліктілігі бойынша тестілеуді;

         2) әңгіме жүргізуді;

         3) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімін шығаруды қамтиды.

    2. Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

     

    6. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,   облыстық республикалық маңызы бар қаланың, елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – облыстық уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын  құрады.

    7. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі  мамандар мен  күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді  аттестаттауды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін  аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – аудандық уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын  құрады. 

    8. Комиссия, саны кемінде бес адамнан тұратын мүшелерден және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияны тиісті уәкілетті органның Төрағасы болып табылатын бірінші басшысы, не оның орынбасары басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жауапты  болады. 

    9. Комиссияның құрамына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелеріне жетекшілік ететін тиісті уәкілетті органның  қызметкерлері, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің өкілдері мен жоғары оқу орындарының арнайы және аралас пәндер  бойынша оқытушылары (келісім бойынша) енгізіледі.

    10. Комиссияның хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және шешім қабылдауға қатысуға құқығы жоқ.   

    11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    12. Аттестаттау комиссиясы  әлеуметтік қызметкерді аттестаттауды  оның қатысуымен жүргізеді.

    Аттестатталушы дәлелді себеп бойынша  комиссия  отырысына келе алмаған жағдайда,  оны аттестаттау жөніндегі  мәселе келе алмаған күннен бастап 1 айдан кем емес мерзімге ауыстырылады.

     

    3. Біліктілігі бойынша тестілеу

     

    13. Тестілеу  тиісті уәкілетті орган бекіткен 80 сұрақтан тұрады.  

    Тестілік тапсырмалар әлеуметтік қызметкерлердің негізгі қызмет түрлерін қамтуға тиіс.   

    14. Тестілеу нәтижелері баллмен бағаланады және  сол тапсыру күні хабарланады. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады.

    15. Жазбаша тестілеу бойынша 50-ден кем балл жинаған әлеуметтік қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және қайта аттестаттауға жатады.

     

                                           4.  Әңгімелесуді өткізу

    16. Аттестатталатын әлеуметтік қызметкермен әңгімелесу шынайы, сыпайы және  жанашырлық жағдайында өтуге тиіс.

    17. Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның  құзіреттілігі деңгейін анықтауға бағытталған және оның  лауазымына  сәйкес  болуға тиіс.

    18. Аттестаттау нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

         1) атқаратын қызметіне лайықты;

         2) қайта аттестаттауға жатады.

     

    5. Қайталап аттестаттау

    19. Қайталап аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап  үш айдан кейін, осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізіледі.

    20. Комиссия қайта аттестаттаудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

          1) атқаратын қызметіне лайықты;

          2) атқаратын қызметіне лайықты емес. 

    21. Әлеуметтік қызметкерлердің аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту қорытындылары комиссияның төрағасы мен оның басқа да мүшелері қол қоятын хаттамалық шешімде тіркеледі.     

    4. Қорытынды ресімдер

    22. Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша,  кәсіптік даярлығының деңгейін растайтын сертификат беріледі.

    23. Сертификаттың болуы әлеуметтік қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметке рұқсат  беру болып табылады.

    24. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерге сертификат беруді уәкілетті орган жүзеге асырады және ол сертификат беру журналында тіркеледі.

    25. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар мен әлеуметтік қызметкерлерге  хаттамалық шешімнің  көшірмесі беріледі.

     

     

                                                                            Халықты әлеуметтік қорғау

                                                             саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді

                                                                               аттестаттау ережесіне

                                                                                           қосымша

    __________________________________________________
       ( уәкілетті органның атауы)

    Сертификат № _________

    20__ жылғы   «___» ____________аттестаттау комиссиясының шешімімен

    ________хаттама,

    Т. А. Ә. ____________________________________________________________

    арнаулы әлеуметтік  қызметтерге  қажеттілікті  бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы бойынша аттестатталды


    Аттестаттау

    комиссиясының төрағасы: _____________________________________________

                                                                   (Т. А. Ә., қолы)


    Комиссия мүшелері: __________________________________________________

                                                                                      (Т. А. Ә., қолы)

     

                                     ___________________________________________________

                                                                                      (Т. А. Ә., қолы)

                                     ___________________________________________________

                                                                                      (Т. А. Ә., қолы)

                                       ___________________________________________________

                                                                                      (Т. А. Ә., қолы)

                                          

             М.О.

     

     Елді мекен _____________________       Күні «___» ___________ 20___  ж.

                      ( қала, облысты көрсету керек)

     

                                                     Тіркеу № ____


    01.07.2010 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ӨНІМДЕР ЖІКТЕУІШІ
     
    10.12.2009 Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты
     
    27.05.2009 Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
     
    07.04.2009 Халықты әлеуметтік қорғау саласында Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы
     
    20.01.2009 Арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
     
    11.12.2008 Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі
     
    30.08.2008 Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесі
     
    12.06.2008 Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат үйi туралы ЕРЕЖЕ
     
    17.03.2008 Психикалық-жүйке ауруларының интернаты туралы ЕРЕЖЕ
     
    15.03.2008 Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат үйлерi туралы Ереже
     
    25.01.2008 Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесіне қосымша
     
    30.06.2005 Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесі
     
    13.06.2005 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ :2005 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Үкімет депутаттардың қарауына енгізген Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өтті.
     
    10.09.2004 Уақыттың үлгілік нормалары
     
    Страница:  1  2 
     
      


    Сайтты жасаған РМҚК "Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық талдау орталығы"(АТО), 2004-2007 ж.