АСТАНА. ШІЛДЕНІҢ 23-і. 2010-2012 жылдарға арналған
Лайықты еңбек бағдарламасы аясында ҚР Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде
шілденің 21-23-і аралығында Халықаралық еңбек
ұйымынің халықаралық еңбек стандарттары
жөніндегі бас маманы Алан Пельспен және ХЕҰ-ның ұлттық
үйлестірушісі Талғат Өміржановпен бірқатар
кеңестер өткізілді.
Бұл шараға сонымен бірге, кәсіподақтардың
және жұмыс берушілердің республикалық
бірлестіктерінің, еңбек және әлеуметтік
әріптестік, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру,
әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет
департаменттерінің және РЕҚҒЗИ өкілдері қатысты.
Консультациялар
барысында ХЕҰ ратификацияланған №№ 87, 98, 135 және 144-ші Конвенциялары бойынша баяндамалар дайындау
мәселелері талқыланды.
Осы
басқосуда ХЕҰ-ның ратификацияланбаған № 95-ші «жалақыны қорғау
жөніндегі», № 102-ші «әлеуметтік қамсыздандырудың
төменгі нормалары туралы», № 131 «ең төменгі жалақыны
анықтау жөніндегі», № 143-ші « көші қон
саласындағы қиянат және еңбек мигранттарына біркелкі
мүмкіндікті қамтамасыз ету туралы», № 97-ші «еңбек мигранттары
жөніндегі», № 183-ші «аналарды қорғау туралы» Конвенцияларына
баса назар аударылды.