ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
        Ақпараттық  -  Талдау  Орталығы
Министрдің блогы
 
 
Негізгі бетке шығу
ҚР Нышандар
Жаңалықтар
Заңдар
Статистика
Көші-қон
Өзекті тақырыптар
Жіктеуіштер, жобалар
Аналитикалық ақпарат, азаматтардың өтініштеріне шолу
Сұрақ-жауап
Халықаралық ынтымақтастық
Бос жұмыс орны
Резюме
Еңбек рыногі
Еңбек қорғау
Министрлік жөнінде
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі
Конкурстар
Пікіртерім
 
 
Жылдам сілтемелер
  • Мен қoсқан бос жұмыс орны
  • Бос жұмыс орнын қосу
  • Жұмыс берушіні тіркеу
  • Менің резюмем
  • Резюмені іздестіру
  • Жұмыс іздеушіні тіркеу
  • Мои рассылки
  • Жазылымға тіркеу
  •  
     
    * Біркүндік бос жұмыс орны
  • Административная работа Архивариус...
  •  
    Сайт бойынша іздестіру:


    Бос жұмыс орнын қосу:

    жан жақты іздестіру

    Резюмені іздестіру:

    жан жақты іздестіру
     
    Соңғы 5 жылда жанұяңыздың табысы өсті ме ?






    Барлық берілген дауыстар: 867
    нәтижесін көру үшін дауыс беріңіз  


    Қазақстан Республикасының заңдары Барлық контексті ашу үшін заңның тақырыбы көрсетілген жолды басу керек.

    мағына

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрінің

    2007 жылғы «19» шілдедегі

    № 166-ө бұйрығымен бекітілген

    (ҚР Әділет минінде 2007ж.13 тамызда

    № 4866 болып енгізілген)

     

     

     

     

    Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының

    еңбек жөніндегі үлгі  нормалар мен нормативтерді

    бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі

     

     

    1.     Жалпы ережелер

     

    1.     Осы Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қараудың бірыңғай тәртібін белгілейді.

    2.     Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    еңбектің үлгі нормалары (өндірім, уақыт, қызмет ету) – бұл жұмыстардың бірыңғай технология бойынша жекелеген элементтерін немесе кешендерін орындауға, жабдықтарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиімді ұйымдастыру-техникалық жағдайларына қарай өндірістік, басқарушылық функцияларды орындау үшін қажетті жұмыс орындарына жұмсалатын еңбек шығындарының регламенттелген мәні;

    еңбек жөніндегі нормативтер–жұмыстың жекелеген элементтерін (кешендерін) орындауға, жабдықтың бірліктеріне, жұмыс орнына, құрылымдық бөлімшеге қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек (уақыт) шығындарының, сондай-ақ нақты өндірістік факторлар мен ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларға байланысты   өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе өлшем бірлігіне қабылданған жұмыстардың көлемін орындау үшін белгілі бір кәсіби-біліктілік құрам қызметшілер санының регламенттелген мәні (шамалары);

    еңбек жөніндегі уәкілетті орган - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган.

    Осы ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

     

    2. Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту тәртібі

     

    3. Тиісті қызмет саласы мемлекеттік органының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді қайта қарауы және еңбек жөніндегі уәкілетті органның оларды жаңа мерзімге келісуін қарау нәтижесі бойынша тиісті қызмет саласы мемлекеттік орган оларды бұйрықпен бекітеді. 

               4. Еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіткеннен кейін тиісті қызмет саласы мемлекеттік органы нормативтердің бір данасын мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізушіде 10 күнтізбелік күннің ішінде еңбек бойынша уәкілетті органға ұсынады.

               5. Еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді тиісті қызмет саласы мемлекеттік органы еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімге бекітеді.

     

     

     3. Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібі

     

             6. Еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді қайта қарау және ауыстыру үшін қолданыстағы еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтердің мерзімінің аяқталуы, әзірлеу процесінде ұйымдастыру-техникалық жағдайлары дұрыс ескерілмеген немесе дәлсіздікке, нормативтік материалдарды қолдану кезінде немесе есептерді орындауда, сондай-ақ өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайын өзгерту барысында  қателерге жол берілген, қате белгіленген нормалар негіз болып  табылады.

             7. Еңбек  нормалары мен үлгі нормаларды қайта қарауды және ауыстыруды оларды бекіткен тиісті қызмет саласы мемлекеттік органы үш жылда кемінде бір рет қамтамасыз етеді.    

             8. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялау жүргізу, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін жаңа техника, технология және ұйымдық-техникалық іс-шаралар енгізу шамасына қарай міндетті түрде қайта қарауға және ауыстыруға жатады. Қате белгіленген нормаларды қайта қарау олардың анықталуына қарай жүргізіледі.

             9. Жекелеген қызметкерлердің өз бастамасы бойынша еңбектің жаңа  тәсілдерін қолдану арқылы өнім өндірудің (қызмет көрсетудің) жоғары деңгейіне қол жеткізуі және жұмыс орындарын жетілдіруі бұдан бұрын белгіленген еңбек нормаларын қайта қарау үшін негіз болып табылмайды.

             10. Еңбек нормаларын қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмысты орындауға еңбекті нормалау жөніндегі қызметкерлермен қатар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, экономикалық талдау бөлімдерінің өкілдері мен басқа да мамандар тартылуы мүмкін.

             11.  Еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді қайта қарау және ауыстыру жөніндегі жұмыстар аяқталғанда тиісті қызмет саласы мемлекеттік органы келісу туралы тапсырысты Еңбек жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

            Егер нормалар, еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтер  келісілген мерзімнің ішінде ұйымының ұйымдастырушылық-техникалық шарттары өзгермеген жағдайда, тиісті қызмет саласы мемлекеттік органы еңбек жөніндегі уәкілетті органға еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтердің түпнұсқасын, негіздеуші материалдар мен түсіндірме жазбаны міндетті түрде ұсына отырып, олардың қызмет ету мерзімін ұзарту туралы өтінім жасауға құқығы бар.

     

     

    _____________________________________________


    күні атау
    31.07.2010  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 761 қаулысы
    21.07.2010  Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы «19» шілдедегі № 167-ө бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет минінде 2007 ж. 29 тамыздағы № 4889 тізіліміне енгізілген)
    27.05.2010  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 461 қаулысы
    18.05.2010  "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысы

    20.04.2010  «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 87-ө бұйрығы
    09.04.2010  "Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысы
    05.04.2010  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 сәуірдегі № 284 қаулысы "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы"
    12.03.2010  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 184 қаулысы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы"
    10.03.2010  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысы
    15.02.2010  Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
    15.02.2010  Мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы
    26.01.2010  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысы
    11.01.2010  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2307 қаулысы
    11.01.2010  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2276 қаулысы
    Страница:  1  2  3 ... 13  14  15 
     
      


    Сайтты жасаған РМҚК "Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық талдау орталығы"(АТО), 2004-2007 ж.