ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
        Ақпараттық  -  Талдау  Орталығы
Министрдің блогы
 
 
Негізгі бетке шығу
ҚР Нышандар
Жаңалықтар
Заңдар
Статистика
Көші-қон
Өзекті тақырыптар
Жіктеуіштер, жобалар
Аналитикалық ақпарат, азаматтардың өтініштеріне шолу
Сұрақ-жауап
Халықаралық ынтымақтастық
Бос жұмыс орны
Резюме
Еңбек рыногі
Еңбек қорғау
Министрлік жөнінде
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі
Конкурстар
Пікіртерім
 
 
Жылдам сілтемелер
  • Мен қoсқан бос жұмыс орны
  • Бос жұмыс орнын қосу
  • Жұмыс берушіні тіркеу
  • Менің резюмем
  • Резюмені іздестіру
  • Жұмыс іздеушіні тіркеу
  • Мои рассылки
  • Жазылымға тіркеу
  •  
     
    * Біркүндік бос жұмыс орны
  • Административная работа Архивариус...
  • Техник геолог...
  • Начальник службы (в промышленности) (по ра...
  • Охранники сотрудники службы внутрен...
  • Продавец ...
  •  
    Сайт бойынша іздестіру:


    Бос жұмыс орнын қосу:

    жан жақты іздестіру

    Резюмені іздестіру:

    жан жақты іздестіру
     
    Соңғы 5 жылда жанұяңыздың табысы өсті ме ?






    Барлық берілген дауыстар: 867
    нәтижесін көру үшін дауыс беріңіз  


    Қазақстан Республикасының заңдары Барлық контексті ашу үшін заңның тақырыбы көрсетілген жолды басу керек.

    мағына

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы
    № 674 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2217 қаулысы

     

     

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспедегі «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы  № 1126 қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:

              2-тармақта:

              5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

              «5) Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақмола облысы Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек кентіндегі «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылар (бұдан әрі – Бағдарламаға қатысушылар) – Қазақстан Республикасының азаматтығын алған және соңғы үш жылда республика аумағында тұратын оралмандар немесе көшіп келгендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған немесе ресімдеп жүрген, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері бар көшіп келушілер;»;

    6) тармақшадағы «пилоттық жобалар» деген сөздердің алдынан «2009 жылғы» деген сөзбен толықтырылсын;

    мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

              «6-1) 2010 жылғы пилоттық жобалар жергілікті атқарушы органның қайтарымы негізінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Ақмола облысы Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек кентінде, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй салу;»;

    мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «7-1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;

    7-2) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы – Бағдарламаны осы әкімшілік-аумақтық бірліктерде іске асыруды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдары.»;

             4-тармақта:

    бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек кентіндегі Бағдарламаға қатысушылар көші-қон жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысаны бойынша жазбаша өтініштерін және мынадай құжаттарды:»;

    1)     тармақшада:

     «паспорттың немесе» деген сөздер алынып тасталсын;      

    «азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің» деген сөздерден кейін «не жеке басын куәландыратын құжаттарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

    2) тармақшада «куәлігінің» деген сөз «куәлігі болған жағдайда, оның» деген сөздермен ауыстырылсын;

    3)  тармақшада «тиісті елді мекенде» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

    5-тармақта:

    бірінші абзацтағы «қаланың, ауданның уәкілетті органына» деген сөздер «көші-қон бойынша уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;

    2) тармақшада  «тиісті елді мекенде» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Облыстың уәкілетті органдары, көші-қон бойынша уәкілетті органдар ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімдері мен құжаттары, сондай-ақ қаланың, ауданның уәкілетті органдары жасаған әрбір елді мекен бойынша қажет мамандықтардың тізімдері негізінде тұрғын үйге үміткерлер тізімін қалыптастырады және тұрғын үй комиссиясына қарауға ұсынады.»;

    7-тармақта:

    бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Тұрғын үй комиссиясы облыстың уәкілетті органы ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің ішінен, олардың жұмыспен қамтылуы және отбасының табысын, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың кепілдігі мүмкіндіктерін ескере отырып:»;

    екінші абзацта:

    «үміткерлердің» деген сөз «Бағдарламаға қатысушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

    «(бұдан әрі - тізім)» деген сөздер алынып тасталсын;

    8-тармақтағы «Бағдарламаға» деген сөз «Бағдарламаның 2009 жылғы пилоттық жобаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;       

    мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

    «8-1. 2010 жылғы пилоттық жобалар бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сатуды іске асыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторларына:

    Бағдарламаға қатысушыларға кредиттік шартқа сәйкес тұрғын үй салуға және сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақы ставкасы бойынша кредит;

    ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салуға бюджеттік қаражат береді.

    Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданын қоспағанда):

    Банкпен ынтымақтастық туралы екіжақты Келісім жасасады, онда тараптардың пилоттық жобаны іске асыру шеңберіндегі құқықтары мен міндеттері регламенттеледі;

    салушы компаниялар арасында тұрғын үй салуға конкурстар өткізеді, салушы компанияны айқындайды және тұрғын үй салуға екіжақты Келісім жасасады.

    2010 жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушымен және Бағдарламаға қатысушы таңдап алған салушымен үшжақты шарт жасасады.

    8-2. Сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.»;

    «Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы және Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақмола облысы Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек кентіндегі Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Тұрғын үй комиссиясы ай сайын, келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей Бағдарламаға қатысушылардың тізімін:

    2009 жылы - Банк пен ӘКК-ге;

    2010 жылы - Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы бір мезгілде жібереді.»;

    11-тармақтың бірінші абзацындағы «ӘКК Келісімге сәйкес» деген сөздер «2009 жылы ӘКК, ал 2010 жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;

    12-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;

    13- тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;

    14-тармақта:

    «ӘКК-ге» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына» деген сөздермен толықтырылсын;

    «Келісімге сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;

    15-тармақтағы «Банк пен ӘКК-ге» деген сөздер «Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына бір мезгілде» деген сөздермен ауыстырылсын;

    16-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;

    18-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;

    19-тармақтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;

    21-тармақтағы «қарыз cомасын» деген сөздерден кейін «жылдық 4,5 %» деген сөздермен толықтырылсын;

    «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;

    22-тармақта:

    бірінші абзацтағы «ӘКК»  деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы» деген сөздермен толықтырылсын;

    екінші абзацтағы «ӘКК» деген аббревиатурадан кейін «немесе бюджеттік бағдарламалардың операторымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

    «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген кіші бөлімнің тақырыбы «2009 жылы» деген сөздермен басталсын;

    37-тармақтың екінші абзацы «қарыз сомасын» деген сөздерден кейін «жылдық 4,5 %» деген сөздермен толықтырылсын;

    мынадай мазмұнды кіші бөліммен толықтырылсын:

     «2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі»

    38. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй комиссиясынан алынған тізім негізінде он жұмыс күні ішінде әрбір Бағдарламаға қатысушымен және Бағдарламаға қатысушы таңдап алған салушымен үшжақты шарт жасасады, онда мынадай:

    а) Бағдарламаға қатысушының:

    1) Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақтау туралы шарт жасасу:

    тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтау туралы шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй құнының 5 %-ы сомасында Банкке бастапқы жарна төлеу туралы;

    тұрғын үй қарызын алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтау туралы шарттың талаптарына сәйкес 5,5 жыл аспайтын мерзімде Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы;

    2) жер учаскесін кепіл ретінде беру;

    б) Бағдарламаға қатысушы таңдап алған салушының:

    тұрғын үйді уақтылы және сапалы салуды қамтамасыз ету;

    бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсыну;

    в) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының:

    салушы ұсынған орындалған жұмыстар актісі бойынша тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;

    салушы орындаған жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру;

    салушының құрылысқа бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асыру міндеттері көзделеді.

    39. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы осы Ереженің
    12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-тармақтарына сәйкес тұрғын үйді сатуды жүзеге асырады.

    40. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы қаражат Банктен оның шотына түскеннен кейін жер учаскесі түрінде берілген кепілдік мүлікті Бағдарламаға қатысушыға қайтарады.».

    2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі                                                                        К. Мәсімов

     


    күні атау
    31.07.2010  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 761 қаулысы
    21.07.2010  Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы «19» шілдедегі № 166-ө бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет минінде 2007ж.13 тамызда № 4866 болып енгізілген)
    21.07.2010  Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы «19» шілдедегі № 167-ө бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет минінде 2007 ж. 29 тамыздағы № 4889 тізіліміне енгізілген)
    27.05.2010  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 461 қаулысы
    18.05.2010  "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысы

    20.04.2010  «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 87-ө бұйрығы
    09.04.2010  "Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысы
    05.04.2010  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 сәуірдегі № 284 қаулысы "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы"
    12.03.2010  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 184 қаулысы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы"
    10.03.2010  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 қаулысы
    15.02.2010  Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
    15.02.2010  Мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы
    26.01.2010  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысы
    11.01.2010  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2307 қаулысы
    11.01.2010  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2276 қаулысы
    Страница:  1  2  3 ... 13  14  15 
     
      


    Сайтты жасаған РМҚК "Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық талдау орталығы"(АТО), 2004-2007 ж.