30.07.2010 Қызылағаш қалпына келтірілді
Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Қазылғаш ауылында сыйымдылығы 42 млн. текше метрлік су қоймасы ернеуінен шыққан еді. Оқиға ауылдың үштен екісін жоқ қылған, бұл жағдай – қалың қазақтың қабырғасын қайыстырып еді. Ал бүгін қираған ауылдың тыныс-тіршілігі жанданып, жергілікті тұрғындардың еңсесі тіктелді. Ауылды толықтай қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Кесек мұз бен лайлы қалың батпақ ағып келіп, ауылды шайып кеткен бұл көрініс – жан түршіктірерлік еді. Туысынан айырылған, қасірет көрген адамдар көздеріне жас алып, өксіктерін біразға дейін баса алмап еді.
Ал енді – қуаныш пен бақыттың, шексіз алғыстың көз жасы, - дейді ауыл тұрғыны Гүлсара апай Бурашева. Бала-шағасы, ет жақын туыстары апаттан аман қалғанымен, ауылдың ұстазы тасқын кезінде үш оқушысынан айырылыпты. Шатыры құламаған, іргесі бұзылмаған үй қалпам еді, - деп еске алады сол түнді ол. Далада қалдық-ау деген уайым да жүрегін талай ауыртқан. Қазір жағдай өзгерді.
Гүлсара Бурашева, Қызылағаш ауылының тұрғыны:
- Бір жаманның бір жақсысы болады дейді ғой қазақта. Енді ешкім мынандай деп ойламаған. Бітті енді, біттік. Далада қалдық дегенбіз. Бірақ енді 21 ғасырдың ауылы деп салып беріп отыр, мәдениет үйі бірінші рет кірдім. Ондай ғимарат көрген жоқпын.
Әділқазы Байтұмақов, Қызылағаш ауылының тұрғыны:
- Мынандай үйді салып берді, әр үйде интернет, әр үйде кабельдік теледидар болады. Барлық үйде су кіріп отыр.
Он бес жаннан тұратын үлкен әулеттің отағасы Бейсекей Шайырдан ақсақал да апаттан кейінгі ауылдың не бары 4 айда басқа кейіпке енеріне бастапқыда күмәнмен қараған.
Бәйсекей Шайырдан, Қызылағаш ауылының тұрғыны:
- Қуанып та жылап тұрмын мен. А дегенде далада қалдым ғой, қаңғырып қалдым ғой дегенмін. Енді көзіміз жетті, ауыл қайтып көркейіп орнынан тұрды. Бірде сарай салып берді. Жолымызды, суымызды жөндеді. Үй көңілден шықты, телефон орнаттық, су да бар. жолы да бар толық болды.
Аида Қыдырбайқызы, тілші:
- Апаттан аман қалған жүзге жуық отбасына үкімет, ел-жұрт болып көмек қолын соза білді, нәтижесінде сап түзеген баспана, ғимарат, мәдениет үйі, мектеп, балабақша мен аурухана бой көтерді. Әрине, Қызылағаш дегенде жүрегің шым етіп, әлде де көмейіңе ашы өксік тығылары анық. Дегенмен жаңарып, жасыл –желекке оранып келетін ауылдың ажары күн санап ашылып келеді.
Су тасқынынан кейін 4 айдың ішінде ауылда барлығы 465 үй жаңадан бой көтерген. Бүгінде көшелерді ағаш егу жұмыстары қызу жүруде.
Құрманжан Мәметов, құрылысшы:
- Дәл қазір көгалдандырумен айналысып жатырмыз. Алдының бәрін тегістеп болдық, енді мынау көгалдандыру салып, гүлдерін отырғызып жатырмыз. Қазір мынау қызу жұмыс школдың айналысында көгалдандыру жұмысы.
Айгүл Батырбекова, Қызылағаш ауылының тұрғыны:
- Бүгін мынау Қызылағаш халқы үшін үлкен қуанышты күн. Осы уақытқа дейін осындай үлкен апатқа ренжіп жылап едік, енді мынау жаңадан балабақшамыз, үлкен мектебіміз ашылып жатыр. Біз үлкен қуаныштымыз. 000626*Барлық қазақстанға рахметімізді айтамын.
Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде елге әлде де көмек беріп, жанынан табыламыз деді облыс әкімі соңғы 12 пәтердің кілтін табыстау сәтінде.
Серік Үмбетов, Алматы облысының әкімі:
- Жалпы бізде 7 млрд. үстінде ақша болды. Негізінде. Соның 1 млрд 300 млнға жуық елдердің жинаған ақшасы болды. әр облыстан берілген ақша. өкіметтен берілген ақшаның барлығы жұмсалып отыр. скл Оның сыртында қазір біз 1800 гек алқап еккенбіз. Оның түсімі де қазір жаман емес. әр семьяға 1,5-2 тоннадан астықтарын береміз. Оның сыртында облыстың көмегі мынау әр семьяға 10 қой, 1 сиыр, 1 жылқыдан қазір көмек беріп отырмыз.
Осылайша, облыстың ғана емес республиканың ең сұлу елді мекеніне айналған Қызылағаш ауылы бүгін жаңа кейіпке енген. Бұл ретте, апаттан зардап шеккен көрші Ақтоған, Егінсу ауылдарына да көмек берілмек,-деді облыс әкімі. Әрине, енді қауіпсіздік мәселесі де жіті назарда болмақ. Қатердің алдын алу мақсатында, ауылды, өзен арнасынан біршама алыстатуға тура келіпті. Екі ортада бос қалған 12 гектар аумақты ел игілігіне асыру үшін сая-бақ орнатылды.
«ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ (www.khabar.kz)
|
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы 29.01.2010

Жол картасы - Елбасының Жолдауын іске асыру
|