Астана қаласы
26 ақпан 2010 жыл
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінде Елбасының биылғы халыққа Жолдауын
талқылау мәселесі бойынша кеңейтілген алқа
мәжілісі өтті. Бейне—байланыс тәртібінде өткен
алқа мәжілісіне Министрліктің Орталық аппараты,
аумақтық бақылау және әлеуметтік бағдарламалар,
көші-қон департаменттері мен әлеуметтік салаға
қатысы бар өзге де мекеме өкілдері қатысты.
Мемлекет Басшысы «Жаңа онжылдық – Жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп
берген стратегиялық басымдықтары
жөнінде ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова
баяндама жасады. Сонымен қатар, алқа мәжілісінің
отырысы барысында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында аймақтарда
атқарылып жатқан шаралар да талқыланды.
Еңбек
ресурстарын дамытудың тиімді жүйесінсіз 2020
Стратегиялық жоспарды іске асыру мүмкін емес.
2009 жылы Жол картасын іске асыру еңбек
нарығындағы ахуалды біршама тұрақтандыруға
мүмкіндік берді, 380 мыңнан астам жұмыс орны
құрылды, жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайыздық
пунктке төмендеп, 2010 жылдың 1 қаңтарына 6,3 пайызды
құрады. 1 млн-нан астам адам жұмыс істейтін 8 мыңдай
кәсіпорын жұмыс орындарын сақтау, қызметкерлердің
еңбек құқықтарын және кепілдіктерін
сақтау жөнінде меморандумға қол қойды, сонымен
бірге олардың ұжымдық-шарттық қатынастар
жүйесімен қамтылуы 2008 жылғымен салыстырғанда 2,5
есеге артты.
Бұл жұмыс 2010 жылы да,
оның ішінде Жол картасы аясында да өз жалғасын табатын
болады. Қазіргі уақытта инвестициялық жобалардың
тізбесі, азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарын құру жөніндегі негізгі тапсырмалар мен
осыларға байланысты қаржы шығындары айқындалды.
Өткен жылғыдай барлық инвестициялық жобаларды
жылжытудың қатаң да
шынайы мониторингін қамтамасыз ету қажет. Мұның
бәрі ағымдағы міндеттер. Алайда елімізді жеделдетіп
индустриализациялау жөніндегі басты басымдықты іске асыру
еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласын мемлекеттік
реттеудің ұзақ мерзімді перспективалық
бағдарламасын әзірлеуді талап етеді..
Бұл ретте адамдарды әлеуметтік
қорғау қатер жағдайына тап болған азаматтар мен
жергілікті атқарушы органдардың арасындағы «өзара
міндеттемелер» қағидатына негізделетін болады. Әлеуметтік
қолдауға ие болу құқығы жұмыссыздар
мен халықтың өзге
нысаналы топтарының еңбекке қабілетті бөлігінің
жергілікті атқарушы органдар іске асыратын бағдарламаларға
қатысу міндеттерімен үйлестірілетін болады. Осы мақсатқа
көші-қон заңнамасын еліміздің
әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерінде жетілдіруге
бағытталған көші-қон саясаты да бағынатын болады
(қазіргі уақытта «Халықтың көші-қоны
туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің
қарауында жатыр).
| Өткен
жылы еліміздің үш өңірінде «Нұрлы көш»
бағдарламасының қанатқақты жобалары іске
асырылып, 253 оралман отбасы
тұрғын үйлі болды. 2010 жылы осындай
қанатқақты жобалар еліміздің 6 өңірінде
іске асырылатын болады. Бұл ретте, көші-қонның
барлық түрін (этникалық, еңбек және ішкі) реттеу
жекелеген аумақтардың әлеуметтік-экономикалық
және демографиялық болжамдары мен бағдарламаларының
деректеріне сүйенетін болады.
2009 жылы әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке кеткен
шығыс 2005 жылғымен салыстырғанда 2,3 есеге көбейтіліп,
812,9 млрд. теңгеге жетті,
немесе республикалық бюджеттің 24,1
% немесе мемлекеттік бюджеттің 21,6
% құрады. 2010 жылы
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек
шығыстары 922,4 млрд.
теңгені, 2011 жылы – 1026,2 млрд.
теңгені құрайтын болады, бұл 2009 жылғымен
салыстырғанда тиісінше 13,5
және 26,2 пайызға көп.
Ағымдағы жылдың 1
сәуірінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің
жалақысы 25 % арттырылатын болады,
бұл ретте базалық жалақының мөлшері 13 613
теңгені құрайды, тиісінше 2009 жылы 10 890 теңге
және 2008 жылы 8 712 теңгее, ең төмен зейнетақы
мөлшері 18 325 теңгені, орташа – 27 481 теңгені
және ең жоғары зейнетақы мөлшері – 40 001
теңгені құрайды.
Сонымен қатар, отбасы, ана мен бала
институтын нығайту жөнінде жұмыстары да жалғасын
табады. Ағымдағы жылы төртінші және одан кейінгі
балалар үшін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30
АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, ал бала күтімі жөніндегі ай сайынғы
жәрдемақы мөлшері орта есеппен 1,3 есе арттырылды.
Осы жылдан бастап әлеуметтік
төлемдердің жаңа түрі – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған
ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін
жәрдемақы енгізілді, оның мөлшері бір ең
төмен жалақыны (14 952 теңге) құрайды.
Көп балалы аналарды «Алтын алқа»,
«Күміс алқа» белгілерімен марапаттаудың шарттары
өзгертілді. «Алтын алқа»
белгісімен жеті (бұрын – он және одан да көп) және одан
да көп баласы бар аналар, «Күміс
алқа» белгісімен алты (бұрын – сегіз) баласы бар аналар
марапатталатын болды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен
марапатталған немесе бұрын
«Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана
даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 1,7 есеге өсті. 2015 жылға қарай мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010
жылғымен салыстырғанда 1,2 есе артатын болады.
1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65
жылдығына дайындалу және оны мерекелеуге қатысты
ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары
қабылданады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ай
сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың
мөлшері: Кеңес Одағының Батырларына, үш
дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне 15 айлық
есептік көрсеткіштен 130 айлық есептік көрсеткішке (АЕК)
немесе 183690 теңгеге дейін; Ұлы Отан соғысының
қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек Ерлеріне - 15-тен 70
АЕК немесе 98910 теңгеге дейін арттырылды.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан
үлесі үшін біржолғы материалдық көмек
төлеу: Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 65 000 теңге;
соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген
адамдарға (басқа мемлекеттердің аумағындағы
әскери ұрыс қимылдарына қатысушылар мен Чернобыль
АЭС-iндегi апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен
авариялардың зардаптарын жоюға қатысушыларды, ядролық
сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқан адамдарды
қоспағанда) - 25 000
теңге; Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан
(хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің ата-анасына
және басқа некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) –
25 000 теңге; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің
және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыбына
(жұбайына), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа
қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес
жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны
үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград
тұрғыны» белгісімен марапатталған,
жалпы ауру, еңбек жарақаты немесе басқа да себептердің
салдарынан мүгедек деп
танылған азаматтардың
басқа некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) - 25 000 теңге; соғыс
жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - 10 000 теңге.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
елдерінің аумағы бойынша және Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша бір рет теміржол немесе әуе көлігімен
(бару және кері қайту); облыс ішіндегі қатынас бойынша төрт рет жолаушылар автобусымен; мамыр айы ішінде қалаішілік қатынас бойынша жолаушылар автобусымен; Астана, Мәскеу
қалаларына Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын
мерекелеуге арналған шеруге
теміржол немесе әуе көлігімен тегін жол жүрумен (баруға
және кері қайтуға) қамтамасыз етіледі.
Бұл мақсатқа
республикалық бюджеттен барлығы 4,8 млрд. теңге бөлінеді.
Әлеуметтік-еңбек саласында
қабылданатын шаралардың барлығы Қазақстан халқының
тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал етеді.
ЕХӘҚМ
баспасөз қызметі:
Алмас
Жұмағұлов, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің Баспасөз хатшысы,
тел. 74-28-55, e-mail: almas@enbek.kz