2009
жылғы 10 наурызда Еңбекминінде аппараттық кеңес
өткізілді, онда министр Г. Н. Әбдіқалықова
орталық аппарат және ведомстволық бағынысты
ұйымдар басшыларының алдына Мемлекет Басшысының
Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен
дамуға» Жолдауынан өрбіген нақты міндеттерді қойды.
Ол
өз қарамағындағылардан барлық ресурстарды
жұмылдырып, аянбай жұмыс істеуді және біркелкі
тәртіппен жұмыс істеуді талап етті. Жолдауда біздің ведомствоға үлкен
жұмыстар жүктелді, ол жұмыстарды орындау жүйе
қызметкерлерінің аса жоғары жауапкершілігін қажет
етеді. Әсіресе, біздің алдымызда жұмыспен қамту
және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөнінде ауқымды істер күтіп тұр,
еліміздегі бұл жан-жақты жұмысты іске асыру үшін
біздің министрлік жұмыс
органы болып белгіленді.
Сонымен
қатар, ведомство басшысы ағымдағы жылдың 6 наурызында
болған Үкімет отырысында Жолдауды іске асыруға
қабылданған «жол картасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары бекітілгенін хабарлады. Облыс әкімдерінің қатысумен
өткен Үкіметтің селекторлық режимдегі бүгінгі
отырысы да осы мәселелерге арналды.
Үкіметтің
Іс-шаралары жоспарының барлық тармақтарының
көрсетілген мерзімге бұлжытпай және сапалы орындалуын
қамтамасыз ету қажет. Біздің министрлік басқа
мемлекеттік органдармен бірлесіп, әр өңір бойынша
егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылған жұмыспен қамту
картасын әзірлеуі қажет.
Жұмыспен
қамту картасында жұмыстан босатылатын қызметкерлердің
болжамды саны, олардың мамандығы және біліктілігі,
сондай-ақ оқу орындары түлектерінің білім деңгейі
және мамандығы көрсетіледі. Әрбір нақты
өңірді қаржыландыру лимиті 2009 жылы қанша адам
жұмысынан айырылу қатерінде болатындығына байланысты болады.
Әрбір
өңірге жұмыспен қамту бойынша бірнеше бағыттар
ұсынылатын, сондай-ақ қаржыландырудың жалпы
көлемі айқындалатын болады. Қаражатты бағыттар арасында
бөлу нақты өңір қажеттілігі мен ерекшелігіне
қарай жергілікті деңгейде жүргізілетін болады. Стратегияны
іске асырудың жедел мониторингі үшін өңір әкімдерінің
төрағалық етуімен
жергілікті деңгейде комиссиялар құрылатын болады.
Едәуір жоғары деңгейге министрліктегі жұмыспен
қамту мониторингін қою керек. Осыған байланысты, Министр
Бақылау комитетіне, ақпараттық-талдау орталығына,
департамент директорларына нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ
ведомствоның заң шығару қызметі бойынша,
Елбасының әлеуметтік төлемдер жөніндегі тапсырмаларын
іске асыру бойынша нақты
тапсырмалар берілді. Барлық шұғыл нормативтік актілер
уақытында әзірленуі және Үкіметке, Парламентке
ұсынылуы керек.
Сонымен
қатар, халықтың назарына әлеуметтік төлемдерді
және бюджет қызметкерлеріне жалақыны арттыру жөніндегі барлық
міндеттемелер толық көлемде сақталатынын жеткізу керек.
БАҚ-ты пайдалана отырып, халық арасында түсіндіру
жұмыстарын, өңірлерде
кездесулер мен жиындарды
жандандыру қажет. Бұл жұмысқа министрліктің
және ведомстволық бағынысты ұйымдардың
барлық басшылары қатысуға тиісті. Бізге сұрақтар
көптеп келіп түсетін жерлерге
баруымыз қажет.
Елбасының
Жолдауында берілген нақты міндеттерді белгілеу үшін
Ведомствоның жекелеген лауазымдық адамдарына ағымдағы
жылдың 13 наурызында
аумақтық орган басшыларымен республикалық селекторлық
кеңесін өткізу тапсырылды.