ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
        Ақпараттық  -  Талдау  Орталығы
Министрдің блогы
 
 
Негізгі бетке шығу
ҚР Нышандар
Жаңалықтар
Заңдар
Статистика
Көші-қон
Өзекті тақырыптар
Жіктеуіштер, жобалар
Аналитикалық ақпарат, азаматтардың өтініштеріне шолу
Сұрақ-жауап
Халықаралық ынтымақтастық
Бос жұмыс орны
Резюме
Еңбек рыногі
Еңбек қорғау
Министрлік жөнінде
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі
Конкурстар
Пікіртерім
 
 
Жылдам сілтемелер
  • Мен қoсқан бос жұмыс орны
  • Бос жұмыс орнын қосу
  • Жұмыс берушіні тіркеу
  • Менің резюмем
  • Резюмені іздестіру
  • Жұмыс іздеушіні тіркеу
  • Мои рассылки
  • Жазылымға тіркеу
  •  
     
    * Біркүндік бос жұмыс орны
  • Начальник службы (в промышленности) (по ра...
  • Охранники сотрудники службы внутрен...
  • Административная работа Архивариус...
  • Продавец ...
  • Техник геолог...
  •  
    Сайт бойынша іздестіру:


    Бос жұмыс орнын қосу:

    жан жақты іздестіру

    Резюмені іздестіру:

    жан жақты іздестіру
     
    Соңғы 5 жылда жанұяңыздың табысы өсті ме ?






    Барлық берілген дауыстар: 867
    нәтижесін көру үшін дауыс беріңіз  


    Ең жақсы мақалалар, қызықты жарияланымдармен пікірлер. Барлық контекстіні ашу үшін мақаланың атына басу қажет.

    15.05.2009

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    Г. Н. Әбдіқалықованың 2009 жылғы 14 мамырда облыстардың,

    Астана мен Алматы қалаларының  Әкімдерімен кездесуде сөйлейтін сөзінен

     

    Жұмыспен қамту Стратегиясын іске асыру бойынша  бүгінгі күні  барлық ұйымдық және қаржы мәселелері толық шешілді, қажетті нормативтік- құқықтық база жасалды.

    Бірінші.  Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде, стратегияның барлық инвестициялық бағыттары бойынша  іске асырылатын 163 млрд. теңге  (республикалық бюджеттен - 112 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден 51 млрд. теңге) сомасындағы  4 700 жобадаң астамы тізбесі айқындалды,  солардың есебінен 254 мың жұмыс орны  құрылатын болады.

    Олардың ішінде жергілікті атқарушы органдардың  деректері бойынша:

    - «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстары»  бағыты бойынша 795 жобаны іске асыруға   58,4 млрд. теңге бағытталады (80 мың жұмыс орны құрылатын болады);

    - «Мектептерді, ауруханаларды және басқа да  әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылыту жұмыстары»  бағыты бойынша 2295 жобаны іске асыруға барлығы  49,0 млрд. теңге бағытталады (99 мың жұмыс орны құрылатын болады);

    - жол жөндеу жұмыстары бойынша  942 жобаны іске асыруға  49,9 млрд. теңге сомасында бағытталады (55 мың жұмыс орны құрылатын болады);

    - «Қаланың (ауылдың) әлеуметтік-мәдени нысандарын жөндеу жұмыстары»  бағыты бойынша қаржыландыру көлемі 6 млрд. теңгені құрайтын 788 жобаны іске асыру кезінде 20 мың жұмыс орны құрылатын болады.

    Екінші. Ұсынылған жобаларды уақытында қаржыландыру  жөнінде қажетті  барлық шаралар қабылданды.

    Жұмыспен қамту стратегиясының  инвестициялық бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттері  бюджеттік бағдарламалардың  республикалық әкімшілері бойынша айқындалды.

    Үкімет Нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін әзірлеп бекітті.

      Бюджеттік бағдарламалардың  республикалық   әкімшілері  мен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының   Әкімдерінің арасында Жұмыспен қамту стратегиясының жобаларын іске асыру жөніндегі тиісті  Келісімдерге қол қойылды.

    Іс-шараларды қаржымен уақытында қамтамасыз ету мақсатында, Жұмыспен қамту стратегиясының тиісті бағыты бойынша  лимиттің жалпы сомасының 30 %-ы мөлшерінде  республикалық бюджеттен  алдын ала қаржыландыру көзделді. Бұл жерде,  жобаларды қоса қаржыландыруға жергілікті бюджеттердің де қатысуы   міндетті.

    Бүгінгі күні бюджеттік бағдарламалардың  республикалық   әкімшілері  ағымдағы жылдың мамыр айына  бекітілген  қаржыландыру жоспарына сәйкес  тиісті қаражатты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының   Әкімдеріне аударды (14,2 млрд. теңге).

    Еңбек министрлігі  барлық өңірлермен  әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және  «жастар практикасын» ұйымдастыруға арналған трансферттер бойынша,  республикалық бюджеттен осы мақсаттарға арналған жалпы сомасы 8,6 млрд. теңгенің  келісімдеріне қол қойды.

    Бұл өте  үлкен қаражат және оны игеру үшін мақсатты да бағдарлы жұмыс жүргізу қажет.  Әлеуметтік жұмыс орындарына  жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері мен бюджеттік ұйымдарда, атап айтқанда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жастар практикасын батыл пайдалану қажет.

    Аталған келісімдер шеңберінде ағымдағы жылдың мамыр айына  бекітілген  қаржыландыру жоспарына сәйкес  жергілікті бюджеттерге - 323,7 млн. теңге аударылды.

    Мамандарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыруға республикалық бюджеттен 14,4 млрд. теңге көзделген, оның 11,5 млрд. теңгесі өңірлер бойынша  таратып бөлінді.

    Білім және ғылым министрлігімен қол қойылған келісімдер шеңберінде, ағымдағы жылдың мамыр айына  бекітілген  қаржыландыру жоспарына сәйкес  жергілікті бюджеттерге - 320 млн. теңге, Денсаулық сақтау министрлігімен қол қойылған келісімдер шеңберінде – 14 млн. теңге қаражат аударылды.

    Оқу  жоспарлары мен бағдарламалары әзірленді, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тізімдері  қалыптастырылды.  Қазіргі уақытта жекелеген өңірлерде Жұмыспен қамту стратегиясының  инвестициялық  бағыттарын іске асыру үшін  кадрлар даярлау және  қайта даярлау жөніндегі  жұмыс басталды.

    Өңірлер  ең қажетті кәсіптің (мамандықтың) тізбесін айқындады. Олардың қатарында, медициналық қызметкерлер,  мұғалімдер, аспаздар,  кондитерлер, шаштараздар да бар екенін  атап өту  керек. Осы тізбелер бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды, өңірлер экономикасының  болашақ  қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

    Бұл орайда,  кадрлар даярлау және қайта даярлау процесінің  салалық және өңірлік құрамдас бөлігін  ескеру қажет.

    Үшінші. Халықты жұмыспен қамту,  міндетті әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде  уақытша сипаттағы шаралар да бар.

    Енгізілген өзгерістер:

    - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандары арқылы   азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейтуді; 

     - нысаналы топтарға енетін адамдардың аясын ұлғайтуды (оқу бітірушілер);

    - жұмыс уақытының толық емес режимімен жұмыс істейтіндерді  кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға жіберу мүмкіндігін;

    - жұмысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемді алудың  ең  ұзақ кезеңін көбейтуді (төрт айдан алты айға дейін);

    - жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру кезінде  мемлекеттік сатып алуды өткізу  рәсімін, оларға  Мемлекеттік сатып алуды   конкурс  тәсілімен  жүзеге асырудың ерекше тәртібін  қолдану жолымен жеңілдетуді көздейді.

    Құрметті әріптестер, біз Сіздермен бірлесе отырып барлық ұйымдық және қаржы мәселелерін шештік,  қажетті  құқықтық негіз де жасадық, енді  Үкіметтің Іс-шаралар жоспарын  нақты іске асыру сатысына  кірісеміз.

    Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап барлық өңірлерде Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде  жұмыс жүргізуге арналған  конкурстарды жариялау  басталды.

    Жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру шеңберінде  4,8 мың жоба  көзделіп отыр.  Оның  ішінде  көлемі 4 мың АЕК асатын 3,4 мың жоба бойынша  ерекше тәртіп қолданылатын  ашық конкурстар  жарияланады. Қалған 1,4 мың жоба бойынша  сатып алулар  баға ұсыныстары тәсілімен жүргізілетін болады.

    Қазіргі уақытта  мемлекеттік сатып алу өткізу туралы  2 592 хабарландыру  жарияланды,  олар 2 788 жобаны қамтиды, бұл Жұмыспен қамту стратегиясы бойынша  инвестициялық жобалардың жалпы санының 58 %  құрайды.

    Келесі кезеңде  жергілікті қоса қаржыландыруды ескере отырып, біз бюджет қаражатының  мақсатты әрі тиімді  пайдаланылуын және түпкілікті мақсатты – жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді қамтамасыз етуіміз қажет.

    Белгіленген жоспардың  нәтижелі іске асуына  жұмыспен қамту  органдарының қызметін кеңейту және  олар көрсететін қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі уақытта бұл жұмыс белсенді жүргізілуде.  Өңірлерде  жақсы жетістіктер де  бар:

    Мысалы, Ақтөбе облысында  халық көп баратын жерлерде (ЦОН-дарда,  оқу орындарында,  әкімдіктерде,  ауруханаларда, базарларда, ірі супермаркеттерде)  жұмысқа орналастыруға және оқытуға жәрдем көрсету мүмкіндіктері туралы  стенділер,  плакаттар, ақпараттық парақтар ілінген.

    Алматы облысында  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі «Демеу» орталықтары ашылған, олардың қызметкерлері жұмыссыз азаматтар, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар болып табылады.

    Шығыс Қазақстан облысында  ірі білім беру ұйымдарында,  сауда орталықтарында,  банк филиалдарында жұмылдыру орталықтары ашылып,  ауылдық өңірлерде жұмылдыру топтары құрылған.

    Маңғыстау облысында «Жұмыс іздеу  клубында» жұмыс істеуге  оқу бітірушілер арасынан 15 адамды тарту жоспарлануда,  «Арман» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жастардың еңбек биржасы жұмыс істейді, соның негізінде түлектерді  жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына  тарту  қамтамасыз етіледі.

    Бұл орайда,  мұндай жұмыстың  жұмыспен қамту органдарына өтінішпен барған азаматтар санының көбеюіне, сол сияқты  тіркелген жұмыссыздық деңгейінің де өсуіне әкеп соғатынына түсіністікпен қарау керек.

    Құрметті әріптестер, Сіздерді  жоғарыда аталған шараларды  сапалы да уақытылы  жүзеге асыруға, бұл істе еңбекқорлық пен табандылық көрсетуге шақырамын. Біздің мақсатымыз – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу,  гүлденген және әлем құрметпен қарайтын мемлекет құру.

     


    23.07.2010 2010 жылдың І жартыжылдығында түскен азаматтардың жазбаша өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
    25.06.2010 ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ ПЕН БАУЫРЛАСТЫҚ БЕЛГІСІ
    30.04.2010 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖОЛЫНДАҒЫ СӘТТІ БАСТАМА
    08.02.2010 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2009 жылы түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу
    27.01.2010 “Жол картасы” биыл да жалгасады /Венера Тугелбай/
    01.12.2009 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Халықаралық мүгедектер күніне орайластырылған 2009 жылғы 4 желтоқсанда сағат 10.00-де Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының және Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді
    21.10.2009 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2009 жылғы 9 ай ішінде түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу
    11.03.2009 Министр Г. Н. Әбдіқалықова орталық аппарат және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының алдына Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауынан өрбіген нақты міндеттерді қойды
    26.02.2009 Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп берген стратегиялық басымдықтары жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова баяндама жасады
    06.11.2008 Ұлттық маман даярлауда ұмтылыс бар
    19.09.2008 Бiзге адам капиталы қажет
    02.04.2008 Кәсіпкерліктің әлеуметтік шапағаты
    21.02.2008 2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеуметтік аударымдар сомасы туралы
    21.02.2008 2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдер туралы
    Страница:  1  2  3  4 
     
      


    Сайтты жасаған РМҚК "Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық талдау орталығы"(АТО), 2004-2007 ж.