ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
        Ақпараттық  -  Талдау  Орталығы
Министрдің блогы
 
 
Негізгі бетке шығу
ҚР Нышандар
Жаңалықтар
Заңдар
Статистика
Көші-қон
Өзекті тақырыптар
Жіктеуіштер, жобалар
Аналитикалық ақпарат, азаматтардың өтініштеріне шолу
Сұрақ-жауап
Халықаралық ынтымақтастық
Бос жұмыс орны
Резюме
Еңбек рыногі
Еңбек қорғау
Министрлік жөнінде
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі
Конкурстар
Пікіртерім
 
 
Жылдам сілтемелер
  • Мен қoсқан бос жұмыс орны
  • Бос жұмыс орнын қосу
  • Жұмыс берушіні тіркеу
  • Менің резюмем
  • Резюмені іздестіру
  • Жұмыс іздеушіні тіркеу
  • Мои рассылки
  • Жазылымға тіркеу
  •  
     
    * Біркүндік бос жұмыс орны
  • Начальник службы (в промышленности) (по ра...
  • Охранники сотрудники службы внутрен...
  • Техник геолог...
  • Административная работа Архивариус...
  • Продавец ...
  •  
    Сайт бойынша іздестіру:


    Бос жұмыс орнын қосу:

    жан жақты іздестіру

    Резюмені іздестіру:

    жан жақты іздестіру
     
    Соңғы 5 жылда жанұяңыздың табысы өсті ме ?






    Барлық берілген дауыстар: 867
    нәтижесін көру үшін дауыс беріңіз  


    Ең жақсы мақалалар, қызықты жарияланымдармен пікірлер. Барлық контекстіні ашу үшін мақаланың атына басу қажет.

    27.01.2010

    Егемен Казакстан (Астана), № 24-25 (25871), 26.01.2010г.

     

    Жол картасыбиыл да жалгасады  /Венера Тугелбай/

     

     

    Кеше Үкімет үйінде Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен кезекті селекторлық кеңес болып өтті. ОндаЖол картасыжәне жаңа заңнамаға сәйкес ел облыстарында арнайы мал соятын орындардың ұйымдастырылуы туралы мәселелер қаралды.

    Алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова (Министерство труда и социальной защиты населения РК) селекторлық кеңестегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасады. Министр “Жол картасыбағдарламасының биылғы жылғы қаржыландырылуы жөнінде айта келіп, оның қай бағыттарда жұмсалатындығын орын-орнымен баяндады. Министрдің айтуынша, биыл өткен жылдың үздік бағдарламасы саналғанЖол картасынареспубликалық бюджеттен 100 млрд.теңге бөлінбек. Оған жергілікті бюджеттерден 43,1 млрд. теңге қосымша қаржыландыру көзін қосыңыз. 2010 жылы 3 мың нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ал тек инвестициялық жобаларда 130 мың жұмыс орны ашылмақ. Негізгі қаржы көлемі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ. Оған 7,9 млрд. теңге бөлінсе, жол жөндеу жұмыстарына 9,1 млрд. теңге, әлеуметтік маңыздағы нысандарға (мектеп, аурухана) 40 млрд. теңге бөлінбек. Республикалық маңыздағы, дәлірек айтсақ, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы нысандарды жөндеуден өткізуге қосымша 2 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұлбағдарламадағы биылғы жыл еншісіндегі жаңалық. 53 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Жаңа орындар әлеуметтік орындар мен жастар тәжірибесіне байланысты ашылатын болады. Мамандарды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруға 8 млрд. теңге жұмсалады, деген министр бұл бағдарламаларды қаржыландыру бойынша облыс әкімдіктері арасында келісім-шартқа қол қою жүзеге асуда екендігін айтып өтті. 23 қаңтардағы мәліметтер бойынша тиесілі 111 келісім-шарттың 84-іне қол қойылған көрінеді. Павлодар, ОҚО, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша келісім-шарт толық аяқталды, ал қалған облыстар келісім-шартты нақтылау үстінде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қалған келісім-шарттарды ақпанның 1-іне дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

    Білім және ғылым министрлігі биылғы бағдарлама шеңберіндегі жұмыстарын екі бағытта жүргізбек. Білім және ғылым министрінің айтуынша, министрлік биыл күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары мен мамандарды даярлау және қайта даярлау жұмыстарын қолға алмақ ниетте.

    Өткен жылдың тамызында ветеринария заңнамасына толықтырулар енгізілгені мәлім. Жаңа заңға сәйкес саудаға шығарылатын мал өнімдерін дайындау арнайы мамандандырылған, заңнама талаптарына сәйкес орындарда жүзеге асырылатын болады. Бұл ветеринарияның бұлжымас тәртібі және ет өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін сақтауға кепілдік. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев аталмыш заңның іс жүзінде қолданыс таппай келе жатқандығына қынжылыс білдірді. “Заңның қабылданғанына 5 ай өтті. Десек те, бұл мәселеге облыс әкімдіктері тарапынан жеткілікті түрде назар аударылып отырған жоқ. Заң шығысымен жедел түрде қолға алған Шығыс Қазақстан облысында 125 мал союға арналған пункт ашылып, ветеринария тексерісі кезінде қаладағы сауда орындарындағы ет өнімдерінің 90 пайызы осы пункттер арқылы өткендігін көрсеткен. Сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімдігі де бұл мәселені ыңғайлы тұрғыда шешкен. Яғни, ет өнімдері сатылатын жерде арнайы орындар ашқан. Бұл өнімдерді сату орындарына жеткізуді де жеңілдетеді. Өте тиімді. Ал қалған облыстар әзірше үнсіз”, — деді министр. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бұл мәселе төңірегінде өз пікірін білдіре кетті. “Мал союға арналған арнайы орындардың ашылуы бұрыннан айтылып келе жатыр. Ол мал шаруашылығының дамуынан туындап отыр. Кедендік одаққа да кірдік. Енді арнайы орындар ашпасақ, ет өнімдерін Ресей рыногына шығара алмаймыз. Сондықтан мәселені шешуге әлі де 5 ай уақыт беріп отырмыз. Заң бойынша ондай арнайы орындарға жауаптылардың бірі жергілікті атқару органдары болғандықтан, мәселені барынша мұқият қарап, тезірек шешулеріңізді қаперлеріңізге салғым келеді”, — деді ол.

    Бейнережімде қосылған облыс әкімдіктері селекторлық кеңесте талқыға салынған екі мәселе бойынша кезекпен есеп берді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Әбденов Премьер-Министрге осы облыста туындап отырған қосымша мәселелерден хабардар етті. Ол Үкімет басшысынан қалың жауған қар әсерін жою үшін 350 млн.теңге бөлуді сұрады. “Көлік және коммуникация министрлігіне осы мазмұнда хат жолдадық. Қаржы жанар-жағармай мен жеке меншік мекемелердің қызметін төлеуге жұмсалмақ. Биыл қар жылдағыдан 5 есе көп жауды. Соның әсерінен республикалық маңыздағы автожолдарды тазалауғаКазахавтодордың” 56 арнайы техникасы жұмылдырылуда. Қорғаныс министрлігі тарапынан 3 мәшине, сонымен бірге облыстағы жеке меншік шаруа қожалықтарынан 32 техника бағытталып отыр. Көршілес Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстары да ШҚО-ға көліктер жіберуде. Дегенмен бұл аз. Оның үстіне бізде жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жағы да түйткілді мәселе болып отыр”, — деді ол. Облыстағы ауа райы өте күрделі екендігі өзіңізге мәлім. Кейде сынап бағанасы минус 50-ге жетуде. Осыған байланысты тағы бір күрделі мәселе, “Шығысэнерготрейдтің” 2010 жылдың 1 ақпанынан бастап, энергиямен қамтамасыз етуді тоқтатуы болып отыр. ГәпШығысэнерготрейдтіңсуықты пайдаланып, тариф мөлшерін жоғарылатып алғысы келгенінде жатыр. Біз бұл жөнінде прокуратура орындарына да арыздандық. Осы екі мәселеге назар аударуыңызды сұраймын”, – деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Әбденов.

    Селекторлық кеңес соңында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов пен Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ШҚО-дағы жағдайды тез арада шешуді тапсырды.

     


    23.07.2010 2010 жылдың І жартыжылдығында түскен азаматтардың жазбаша өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат
    25.06.2010 ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ ПЕН БАУЫРЛАСТЫҚ БЕЛГІСІ
    30.04.2010 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖОЛЫНДАҒЫ СӘТТІ БАСТАМА
    08.02.2010 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2009 жылы түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу
    01.12.2009 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Халықаралық мүгедектер күніне орайластырылған 2009 жылғы 4 желтоқсанда сағат 10.00-де Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының және Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді
    21.10.2009 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2009 жылғы 9 ай ішінде түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу
    15.05.2009 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Н. Әбдіқалықованың 2009 жылғы 14 мамырда облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдерімен кездесуде сөйлейтін сөзінен
    11.03.2009 Министр Г. Н. Әбдіқалықова орталық аппарат және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының алдына Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауынан өрбіген нақты міндеттерді қойды
    26.02.2009 Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп берген стратегиялық басымдықтары жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова баяндама жасады
    06.11.2008 Ұлттық маман даярлауда ұмтылыс бар
    19.09.2008 Бiзге адам капиталы қажет
    02.04.2008 Кәсіпкерліктің әлеуметтік шапағаты
    21.02.2008 2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеуметтік аударымдар сомасы туралы
    21.02.2008 2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдер туралы
    Страница:  1  2  3  4 
     
      


    Сайтты жасаған РМҚК "Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық талдау орталығы"(АТО), 2004-2007 ж.