Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2009
жылғы 9 ай ішінде түскен жеке және заңды
тұлғалардың өтініштеріне шолу
Министрлікке 2009 жылғы 9
ай ішінде жеке және заңды тұлғалардың жазбаша 9210 өтініші келіп түсті, оның ішінде:
Президент Әкімшілігінен – 748,
Премьер-Министр Кеңсесінен – 287, Парламенттен – 685. Жоғары тұрған мемлекеттік басқару
органдарынан түскен барлық хаттар бақылауға алынып,
оларға тиісті жауап қайтарылды.
ТМД елдері және
алыс шетел ұйымдарының сұранымдары 3427 болды.
Барлығы жеке және
заңды тұлғалардың жазбаша 4217 өтініші
бақылауға алынды.
Жеке және заңды
тұлғалардың барлық өтініштері, ТМД және
алыс шетел елдері мемлекеттік органдарының хаттары «Жеке және заңды
тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi
туралы» Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес
қаралды.
Министрліктің орталық
аппараты мен Комитеттердің қызметкерлері жеке және
заңды тұлғалар өтініштерінің 60% қарады, 39,6 % өтінішті – аумақтық
органдардың қызметкерлері,
ал жалпы келіп түскен
өтініштердің 0,5 % тиістілігі
бойынша қарауға жіберілді.
Жеке және заңды
тұлғалардың барлық өтініштеріне заңнамада
белгіленген мерзімге сәйкес тиісті жауап берілді.
Бұлар негізінен
зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға,
еңбек қатынастарына байланысты түсініктемелер. Бұл
ретте, өтініш, шағым білдірген азаматтардың көбі
зейнеткерлер, мүгедектер мен ҰОС қатысушылар, сондай-ақ
соларға теңестірілген адамдар болып табылады.
Өтініштерді талдау мынаны
көрсетіп отыр: өтініштердің
29,7% - зейнетақымен қамсыздандыру мәселесіне, 15,2% -
мемлекеттік жәрдемақыларды, экологиялық апат
аймақтарында тұратын адамдардың зейнетақыларын
экологиялық үстемеақылар, саяси
қуғын-сүргіндерден зардап шеккен ақталған
азаматтардың зейнетақыларына
өтемақы тағайындау және төлеу
мәселесіне қатысты.
Шамамен әрбір алтыншы
өтініш (13,9%) еңбек қатынастары мәселелеріне
қатысты. Өтініштердің шамамен 5,0% азаматтық алу,
оралмандарды әлеуметтік оңалту, оларды квотаға қосумен
байланысты.
Барлық өтініштердің
үштен бірінен астамын ТМД елдерінің және алыс шетелдердің
республиканың ұйымдары мен кәсіпорындарындағы
жұмыс стажы туралы, Қазақстан Республикасынан тыс көшіп
кеткен азаматтарға зейнетақы тағайындау үшін
жалақысының мөлшері туралы мұрағат анықтамаларын
сұратқан хаттары құрайды.
Министрлік және оның
аумақтық органдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің
зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы
құқықтарына кепілдік беру туралы келісім аясында талап
етілетін құжаттарды беруге жәрдемдеседі.
Өтініштер мен
шағымдардың көбі негізінен Астана қаласынан – 956 немесе
10,4%, Алматы қаласынан – 673 немесе 7,3%, ШҚО – 627 өтініш немесе 6,8%, Қарағанды – 565 немесе 6,1%, ОҚО – 505 немесе 5,5%, Ақмола – 377
немесе 4,1% және Алматы
облыстарынан – 344 немесе 3,7% келеді.
Министрлік азаматтар мен
заңды тұлғалардың көп көтеретін
мәселелерін жинақтап, олар бойынша тиісті шаралар
қабылдайды.
Мысалы, 2008 жылы зейнетақы
мөлшері жөніндегі өтініштердің саны шамамен 6 есеге
артты. Негізінен бұрын білім беру,
ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында
жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан адамдар өтініш
білдірді. Олар өздерінің
зейнетақыларының мөлшерінің аз екендігіне шағым
білдірді.
Осыған орай, мәселені
жүйелендіру, зейнетақының ең төменгі мөлшері
тағайындалған осы сала зейнеткерлерінен түсетін
өтініштердің айтарлықтай өсіміне ықпал еткен
себептерді анықтау бойынша ықтиятты жұмыс атқарылды.
Бұл мәселе Алқа
отырысында, Министрліктің Қоғамдық кеңесі мен
жұмыс тобы отырыстарында талқыланып, нәтижесінде 2009
жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлердің осы
санатының (1,3 млн. адам) зейнетақысын 30 %, ал қалған
зейнеткерлерге – 22% арттыру туралы шешім қабылданды.
Қазақстан
Республикасының Үкіметі Министрліктің бұл
ұсынысын қолдап, тиісті қаулы қабылдады.
Осының арқасында жеке
және заңды тұлғалардың өтініштер
ағыны 2008 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге
төмендеді.
Азаматтардың
жазбаша өтініштерін қараумен қатар, Министрліктің
басшылығы Министр бекіткен тоқсан сайынғы кестеге
сәйкес азаматтарды қабылдайды.
Есепті
кезеңде министр Г.Н.Әбдіқалықова 23 азаматты
қабылдаса, вице-министрлер, Бақылау және
әлеуметтік қорғау, Көші-қон комитеттерінің
төрағалары мен олардың орынбасарлары 57 азаматты қабылдады. Азаматтарды қабылдаудың
нәтижесінде 81 адамға тиісті түсініктемелер берілді, 2
өтініш бойынша мәселе оң шешімін тапты, 12 өтініш
Министрліктің аумақтық органдарына жіберілді, 5 өтініш
қарау үшін басқа ұйымдарға жолданды.
Министрліктің
Ішкі
әкімшілік департаменті