.files/image002.jpg)
.files/image003.gif)
2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына түскен
әлеуметтік аударымдар сомасы туралы
Міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап
2008 жылдың 1 ақпанына
дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорына түскен
әлеуметтік аударымдар 92 232 840,9 мың теңгені
құрады, сонымен қатар әлеуметтік аударымдарды
уақытында төлемегені үшін төленген өсімақы
513 549,1 мың теңгені құрады.
2008 жылдың
қаңтар айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына 3 823 078,9 мың теңге әлеуметтік аударымдар
түсті, оның ішінде уақытында төлемегені үшін
төленген өсімақы 18 164,9 мың теңгені
құрады. 2008 жылдың қаңтар айында
әлеуметтік аударымдар 2007 жылдың желтоқсан айымен
салыстырғанда 39 % аз және
былтырғы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 65 %
артық. Қаңтар айында өсімақыларды қоса
есептегенде, бір адамға төленген
әлеуметтік аударымдардың мөлшері 1 506 мың
теңгені құрады.
2007 жылдың желтоқсан
айымен салыстырғанда 2008 жылдың қаңтар айындағы
әлеуметтік аударымдардың аз түсуі қаржы жылының
басталуына байланысты болуы мүмкін.
2008 жылдың
қаңтар айында уақытында төлемегені үшін
өсімақыларды қоса есептегенде әлеуметтік
аударымдардың ең көп мөлшері Алматы қаласында –
772 685,6 мың теңге (20 %), Астана қаласында – 309 328,0
мың теңге (8 %). Қарағанды облысында – 364 669,4
мың теңге (9 %) және Шығыс Қазақстан
облысында – 335 129,6 мың теңге (9 %) болды.
Уақытында төлемеген
өсімақыларды қоса есептегенде әлеуметтік аударымдарды
ең аз аударған
Қызылорда облысы – 90 218,2 мың теңге (2 %), Батыс –
Қазақстан облысы – 102 766,0 мың теңге (3%), Жамбыл
облысы – 99 084,9 мың теңге (3 %) болды.
Әлеуметтік аударымдар
төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушылар саны
қаңтар айында 2 550,5 мың адамды құрады,
бұл алдыңғы айға қарағанда 25 % аз және 2007 жылдың
қаңтар айымен салыстырғанда 1 % артық.
Міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысуға тиісті жұмыспен
қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі республика бойынша
98 % құрайды.
Жұмыспен
қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі Алматы және
Астана қалаларында жоғары болды.
Жұмыспен
қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысуының ең төменгі
көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында – 61 %
болды. Әлеуметтік аударымдарды ең аз аударған Қызылорда
облысында бұл көрсеткіш – 87 % құрайды.
Қосымша
ақпаратты www.gfss.kz сайтынан алуға
болады.