check

You are here

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында жарақат алу

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында жарақат алу

Коммуналдық кәсіпорындардағы жағдай әлі күнге алаңдаушылық туғызады. Мәселен, 2018 жылы 76 жұмысшы зардап шеккен, бұл ұқсас жылмен салыстырғанда 14%-ға төмен (2017 ж. - 89 адам).

Зардап шеккендер арасында қайтыс болғандар саны 38%-ға қысқарып, 8 адамға азайған. (2017 ж. - 13 адам). 

Бүгінде коммуналдық кәсіпорындарда тек бірінші жартыжылдықтың өзінде 31 жұмысшы зардап шеккен. Бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2018 ж. - 33) 6%-ға төмен, ал адам өлімімен аяқталған – 9 адам. (2018 ж. - 6 адам). 
Өңірлер бөлінісінде, ұқсас кезеңмен салыстырғанда құрбан болғандар санының өсуі Ақмола облысында (3 адамнан 5 адамға дейін) және Нұр-Сұлтан қаласында (0-ден 5 адамға дейін) тіркелді.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 23 мамырда кәріздік қысым станциясының жабдықтарын бөлшектеу кезінде «Астана су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының 4 қызметкері метаннан уланып қайтыс болған. 

12 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы орталығында екі метр тереңдіктегі кәріз ұңғымасын тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде «Зайсан» ККМК-нің үш қызметкері (метаннан улану) апат болып, оның біреуі қайтыс болып, екеуі аудандық ауруханаға жатқызылған. 

Жазатайым оқиғалардың себептері: жұмыс беруші кәріз жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған, жұмыс жеткілікті ұйымдастырылмаған, ал жұмысшылар қорғаныс құралдарын пайдаланбаған. 

Осылайша, жұмыстың сәтті өтуі мен жұмысқа қатысушылардың қауіпсіздігі әрқайсысының жеке-жеке әрекетіне байланысты екені белгілі болды. Қазақстандықтардың еңбек жағдайы үнемі бақылауда болғанына қарамастан, әр адам өз әрекетіне мұқият қарауы қажет.

Темы мультимедиа: 
Categories:
Changed on 9 August, 2019 - 16:54
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS