You are here

Тәуекелді басқару және еңбек саласындағы профилактиканың жаңа шарттары

Тәуекелді басқару және еңбек саласындағы профилактиканың жаңа шарттары

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс саласының кәсіпорындарында жұмыс істейтін 65 жұмыскер зардап шегіп, оның ішінде 12 адам қаза тапты.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендер саны өңірлер бойынша Ақтөбе облысында көбірек болып, 3-тен 4 адамға дейін жетсе, Нұр-Сұлтан қаласында 7-ден 11-ге дейін, ал Алматы қаласында 6-дан 7 адамға дейін өскен. 

Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын, жиі кездесетін бұзушылықтар: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу, қызметкерлерді оқытудан өткізбеу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және т.б. қамтамасыз етпеу болып табылады.
Құрылыс саласындағы кәсіпорындарда өндірістік жарақаттануды азайту мақсатында:
- Министрлік әлеуметтік әріптестермен бірлесіп (Атамекен ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы) өндірістік жарақатты азайтуды және жұмыс орындарындағы қауіпті жағдай бойынша 2019-2023 жылдарға арналған ҚР Жол картасын әзірледі (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысымен бекітілген). Ол орталық мемлекеттік органдарға, әкімдік және әлеуметтік әріптестерге көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
- Өндірістік жарақатты азайту бойынша, залал келтіретін және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары бойынша өңірлік жол картасы қабылданды. 
- Өңірлерде өндірістік жарақаттың көбеюіне мүмкіндік беретін жарақат алу қаупі бар кәсіпорындар анықталды. Бұл ретте, олардың әрқайсысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, сол арқылы олардың нәтижелерін ай сайынғы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия отырыстарын бақылауға болады. 
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту арқылы жұмыс берушінің жарақат алу қаупін азайтуға болады. Бұл ретте, еңбек қатынастарындағы тараптардың әрқайсысы өндіріс процесінде жауапкершілігін білдіруі тиіс. Бұл туралы жұмыс берушілер, қызметкерлер және олардың өкілдері (кәсіподақтар) ойлануы керек.

Ал құрылыс саласы компанияларындағы еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың тұрақты бақылауында

Темы мультимедиа: 
Categories:
Changed on 9 August, 2019 - 16:46
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS