check

You are here

Тігін курсы

Theme issue: 

Сәлеметсіздер ме! Тігіншілік курсы жәйлі толық ақпарат алғым келген еді. Астана қаласында қысқа мерзімді тігін курсы бар ма? Бар болса тіркелу қалай жүріледі? Қабылдау жас шектемесі бар ма? Курс қазақ тілінде жүргізіле ме? 

Рахмет! 

Ответ: 

Қайырлы күн!
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға 1 айдан 6 айға дейін тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.
Бұл ретте, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға 16 759 теңге мөлшерінде стипендия төленеді, ал басқа жақтан келіп оқитындарға стипендиямен қатар, жол жүруге және тұруға материалдық көмек көрсетіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша өтеді.
Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша Астана қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту «тігінші» біліктілігі бойынша да өтеді. Оқу оқуға жиналған адамдардың санына қарай орыс немесе қазақ тілдерінде жүргізіледі (қазақ тілділер көп болса, «қазақ» тілінде, орыс тілділер көп болса, «орыс» тілінде жүргізіледі).
Осыған орай, «тігінші» біліктілігі бойынша оқудан өту үшін Сіз ең алдымен, Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында (мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25-үй, «Өркен» бизнес орталығы) «жұмыс іздеген адам» немесе «жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз қажет.

Номер вопроса: 359536
Categories:
Changed on 22 April, 2019 - 17:12
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS