check

You are here

«ҚР ЕХӘҚМ 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік – еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы» ҚР ЕХӘҚ министрінің 2017ж. 28 тамыздағы № 284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік – еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы  28 тамыздағы № 284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 284 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген  бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті 2018 жылғы 5 қыркүйекке дейінгі мерзімде:

  1.  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
  2.  осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы  А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                                               М. Әбілқасымова

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика  

министрлігі

Статистика комитетінің

төрағасы

_________Н. Айдапкелов

2018 жылғы  _______

AttachmentSize
PDF icon prikaz_kaz_373.pdf1.16 MB
Categories:
Changed on 7 September, 2018 - 16:10
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
The Republican contest «Enbekzholy»
Best social projects implemented in Kazakhstan
Skills and jobs
NQS