You are here

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы  № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару» деген 2-бөлімде:

«Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері» деген  1) тармақшада:

«Ана мен баланы әлеуметтік қолдауды дамыту» деген кіші бөлімде:

төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) отбасыларға табысына қарамастан республикалық бюджеттен төленетін 31,41 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) (бірінші, екінші және үшінші бала туғанда) бастап 52,35 АЕК-ке дейінгі (төртінші және одан кейінгі балалар туғанда) мөлшерде бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аталған жәрдемақының мөлшері 20 %-ға көбейтіліп, сәйкесінше 38 және 63 АЕК-ті құрады;»;

«Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға, ал  2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 11 пайызға арттырылды, жалпы   2016 жылмен салыстырғанда арттыру 2017 жыл бойынша 20 пайызды құрайды.»;

«Әлеуметтік сақтандыру бойынша» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«2017 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 7 %-ға арттырылды.»;

«Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау» деген кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

«Өрлеу» жобасын іске асыру барысында әлеуметтік келісімшарт негізінде 2017 жылы шамамен 180 мың адамды қамту жоспарлануда. Бұл олардың табысын арттыруға, жұмыспен қамтылуына, жаңа кәсіпті меңгеруіне, біліктілігін арттыруға, өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге (микрокредит алуға), яғни өз әлеуетін тек отбасылық өмірде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірде де іске асыруға мүмкіндік береді.»;

оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылданып жатқан шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2017 жылғы 3-тоқсанда 2,6 %-ды құрады (2016 жылы – 2,6 %, 2015 жылы – 2,7 %).»;

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, мүгедектерді әлеуметтік қорғау» деген кіші бөлімде:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«АӘҚ ұсынудың стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу аталған қызметтерді алушылардың санатын 3-тен 7-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2017 жылдан бастап АӘҚ алушылардың санаты Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізу арқылы кеңейтілді. Осылайша, егер бұрын қызмет алушылар тек мүгедектігі бар немесе егде жастағы адамдар болса, бүгінгі таңда олардың қатарына сотталған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, адам саудасының құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, белгілі тұрағы жоқ адамдар кіреді.»;

«2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару» деген 2-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласын дамытудың негiзгi өлшемдері» деген 2.1) тармақшада:

«Еңбек нарығы және жұмыспен қамту» деген кіші бөлімде:

тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Соңғы жылдары еңбек нарығында қалыптасқан тұрақты оң көрсеткіш уақтылы дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен де негізделеді. ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша жұмыс жүргізілді.

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тапсырмаларына сәйкес ЖЖК 2020 Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1029 қаулысымен актуалдандырылды.

Жалпы, 2011 – 2016 жылдары ЖЖК 2020 іске асыруға 454,8 млрд. теңге бөлінді.

ЖЖК 2020 іске асыру кезеңінде шамамен 800 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларын алды, 621 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

ЖЖК 2020-ны іске асырылу басталғаннан бері бірінші бағыт шеңберінде  (2011 – 2016 жылдар) іске асырылған 10 530 жобада 103,7 мың жұмыс орны ашылып, оларға 56,1 мың қатысушы жұмысқа орналастырылды.»;

он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖЖК 2020 қатысушыларын оқыту және қоныс аудару бойынша шаралар қабылданды.»;

он жетінші және он сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖЖК 2020 іске асырылу басталғаннан бері (2011–2014 жылдар) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 19,3 мыңға жуық адам қоныс аударылды, қоныс аударғандар қатарынан еңбек етуге қабілетті адамдардың 77,0 %-ы жаңа тұрғылықты жерлері бойынша жұмысқа орналастырылды.

ЖЖК 2020 тиімділігінің негізгі көрсеткіші – тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлес салмағы, 2016 жылы 86 %-ды құрады (2015 жылы – 91,3 %, 2014 жылы – 83,9 %). Соңғы үш жыл ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өскені байқалуда, егер 2014 жылы ол 70,5 %-ды құраса, 2015 жылы – 70,8 %, 2016 жылы – 86,4 % болды.»;

жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Осыған байланысты 2017 жылдан бастап еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру басталды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы).»;

мынадай мазмұндағы жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Бірінші бағыт шеңберінде тегін кәсіптік және техникалық білім алуға 21 мың жас адам жіберілді; еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 71,8 мың адам жіберілді, 68,4 мың адам оқуды аяқтап, оның ішінде 58 %-ы жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағыт шеңберінде 7 217 микрокредит, оның ішінде жалпы санынан  94 %-ы ауылдар мен шағын қалаларда берілді. Алушылардың 57 %-дан астамы өз ісін ашып (стартап-жобалар), кәсіпкерлер атанды. Кредиттердің қолжетімділігін кеңейту мақсатында кредиттерді – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85 %-ға дейін және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 50 %-ға дейін кепілдендіру тетігі енгізілді.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту және олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеу бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы  15 мың адамды қамтыды, олардың ішінде 8 285 адам бизнес жобасын қорғаса, 3 314 адам микрокредит алды.

Үшінші бағытпен жұмысқа орналастыру бойынша шаралар 141 мың адамға көрсетілді (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру).

Квотаға сәйкес қоныс аударушы 408 отбасы (1 577 адам) және оралман 592 отбасы (1 877 адам) жұмыс күші көп өңірлерден (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары) жұмыс күші тапшы өңірлерге (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) қоныс аударды.»;

жиырма бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар белгіленген проблемаларды ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы шешуге ықпал етеді.»;

мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

«2017 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуге дайындалу мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау бойынша жұмыс жалғастырылуда – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде азаматтардың статусын салыстырып тексеру жүргізілді, оны актуалдандыру мақсатында үй-үйді аралау жүргізіліп, орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың еңбек қатынастарын формализациялау басталды.

Өткен жылы Бағдарлама 527 мың адамды, оның ішінде 136 мың жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматты қамтыды, олардың статусы үй-үйді аралау нәтижесінде белгіленді. Бағдарламада көзделген шараларға қосымша жұмыспен қамту саласын цифрландыру және еңбек белсенділігін ынталандыруды ескере отырып, әлеуметтік кепілдіктерді ұсыну жөніндегі арнайы кешенді шаралар әзірленді.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау жөніндегі жол карталарын, өңірлік Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары әзірлеп, бекітті.»;

«Халықтың көші-қоны» деген кіші бөлімде:

алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 2016 жылы – 645 отбасы, 2017 жылы – 512 отбасы қамтылды.»;

«Еңбек қатынастары» деген кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы жиырма жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«Еңбекті қорғау саласында мемлекеттік реттеу кәсіптік қатерлерді анықтауға, бағалауға және басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін әзірлеуді және енгізуді және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды заманауи халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкестендіруді көздейді.»;

«Негізгі проблемаларды талдау» деген 3.2) тармақшада:

мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Сондай-ақ үй-үйді аралау барысында бұдан алдын тіркелмеген, статистикалық есептілікте ескерілмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қосымша анықталғанын атап өткен жөн.»;

мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«Бұдан басқа, экономиканы цифрландыруға байланысты салалардың жаңғыруы күтілуде, ол жұмыскерлердің жұмыстан босатылу қатеріне және тиісінше, еңбек күшінің экономика салаларының арасындағы ағымына немесе ел экономикасындағы жұмыспен қамтылудың жылдам құрылымдық қайта құрылуына әкеп соғады.»;

«Қатерлерді басқару» деген 3.3) тармақшада:

мынадай жолдар:

«

Экономикалық рецессия салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жұмыспен қамту мәселелерінің апта сайынғы жеке мониторингін  қамтамасыз ету.

2. Тиісті Меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру.

Интеграциялық процестердің дамуына және көрші елдер экономикасының нашарлау әсеріне байланысты отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуы жағдайларында, әсіресе ауылдық жерлерде нәтижесіз жұмыспен қамтылудың өсуі

1. Өңірлер бөлінісінде есептер жүргізу және ағымдағы жағдайды талдау.

2. Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру үшін өңірлерге қосымша нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.

»;

мынадай редакцияда жазылсын:

«

Экономикалық рецессия салдарынан немесе, керісінше, өндірісті цифрландыру нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жұмыспен қамту мәселелерінің апта сайынғы жеке мониторингін  қамтамасыз ету.

2. Тиісті Меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру.

3. Өңірлердің барлық ірі және орта кәсіпорындарын Жұмыс күшінің басқарылатын ағыны жөніндегі жол карталарымен қамту.

Формальды емес жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік қорғау шараларын алмаған кезде (ЖЗЖ, МӘСЖ, МӘМС және т.б. жүйелерге қатыспаудың салдарынан)  әлеуметтік шиеленістің туындауы

1. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) іске асыру

2. Нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтарды формализациялау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдау.

»;

«Саланың/құрылымның басым бағыттары» деген 3-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Мемлекет қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді орындау» деген 1-басым бағытта:

«Зейнетақымен қамсыздандыру» деген 1-тармақта:

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен кезде зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар көзделген:

  • ынтымақты зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілетіп жыл сайынғы индекстеу;
  • 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшерін ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгілеу есебінен базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі 12 зейнетақыдан аспайтын зейнетақы жинақтарының сомасын қоспағанда, зейнетақы жинақтарын алып қоюдың паушальды (біржолғы) қағидатын жою бөлігінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан график бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін өзгерту;
  • азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруда, атап айтқанда, еңбек қатынастарын формализациялауға және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға азаматтарды ынталандыруда үшжақты еңбек қатынастарын нығайту мақсатында зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу көзделген.»;

мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«Зейнетақы активтерін сақтауды одан әрі жетілдіру шеңберінде азаматтарды өз зейнетақы жинақтарын басқаруға тарту үшін жағдай жасалатын болады.»;

жетінші бөлікте екінші абзац алып тасталсын.

«Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» деген 2-тармақта:

бірінші бөлікте сегізінші абзац алып тасталсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру шеңберінде МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдердің еңбек өтіліне тәуелділігін күшейту бөлігінде олардың өлшемдері қайта қаралады, міндетті әлеуметтік сақтандыру және жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасатын болады.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«- МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер өлшемдерін өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде төлемдер мөлшерінің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және еңбек ету қабілетінен айырылудың нақты дәрежесіне тәуелділігі күшейтілді.»;

«Әлеуметтік масылдықтың алдын алуға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру» деген 3-басым бағытта:

бесінші бөлік алып тасталсын;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

1-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«- Мемлекет басшысы атап өткен бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 84-қадамын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізіледі, ол мұқтаж азаматтарға отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шартымен (қажетіне қарай әлеуметтік бейімдеу шараларына және әлеуметтік келісімшартқа қол қою) олардың нақты табысын және тұрмыстық жағдайын бағалау негізінде беріледі.»;

үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«- қызмет көрсетудің өтінімдік тәсілінен проактивті тәсіліне көшу;»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Аталған реформа мұқтаж адамдардың өздеріне әлеуметтік қызмет алудың адекватты нысанын таңдауға, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.»;

«Жұмыспен қамту саясатын және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту» деген 3-1-басым кіші бағытпен толықтырылсын:

«3-1-басым бағыт. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту»

Мемлекет басшысының формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына және, тиісінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды формализациялау бойынша жұмыс жалғасады.

Мәселен, 2018 жылы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп формальды емес өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялауды, оларды Бағдарламаға тартуды және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дерекқорында әлеуметтік статусын актуалдандыруды қамтитын Ұйымдастыру іс-шаралар жоспары (Жол картасы) іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, формальды емес жұмыспен қамтылған халықтың қызметін формализацялауды көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жоспарлануда, онда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың статусына нақты сипаттама беріледі, оларды тіркеуді жеңілдету, сәйкесінше салықтық стимулдар көзделген.

2020 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енеді, оған сәйкес жұмыссыздар әлеуметтік медициналық қорға төлемдер төлеуден босатылады. Жоғарыда көрсетілген заңдардың нормалары еңбек қатынастарын формализациялау процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

  • 2018 жылы үй-үйді аралау барысында анықталған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың 40 %-ын (570 мыңнан астам адам) қамту жоспарланған;
  • Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мыналарды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірленеді:

а) тіркеу мен статистикалық есепке алудың жеңілдетілген жүйесін енгізу, шағын және микрокәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, ең алдымен, сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялауды ынталандыратын салық саясатын қайта қарау, әлеуметтік төлемдер мөлшерінің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілімен өзара байланысын күшейту;

ә) тіркеусіз жұмыс істейтін кәсіпкерлерге және жұмыс берушілерге қойылатын, еңбек шартын жасауды ғана емес, оны тіркеудің де міндетті болуын көздейтін талаптарды қатаңдату;

б) ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысына бағытталған «Әлеумет» жобасын әзірлеу және іске асыру есебінен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.»;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» деген 4-басым бағытта:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы мақсаттарда бизнестің және инвесторлардың мамандарды дайындауға сұранысын ескеретін Ұлттық біліктілік жүйесін, оның ішінде кәсіптік стандарттарды, солардың негізіндегі білім беру бағдарламаларын енгізу жалғасатын болады. Жалпы, 2020 жылға дейін 550 кәсіптік стандартты және 230 білім беру бағдарламасын әзірлеу және жаңарту жоспарлануда.»;

бесінші, алтыншы және жетінші абзац алып тасталсын;

сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет басшысының Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 2017 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда, оның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.»;

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Аталған бағыт шеңберінде жұмысқа орналастыру, азаматтардың белгілі санаттарын жұмыспен қамтуда және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз етуде қолдау көрсету бойынша Бірыңғай цифрлық алаң – Электрондық Еңбек Биржасын құру бойынша міндеттер анықталды, ол ЖҚЖА және интернет алаңдарын қоса алғанда, барлық дереккөздерден вакансиялар мен жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты шоғырландырады.»;

мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«Жұмыспен қамту орталықтары мен Е-Еңбек биржасы арасындағы өзара іс-қимыл қалалар, аудандар және ауылдық округтер халқының барлық санаттарын қамту арқылы қамтамасыз етілетін болады.»;

он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзац алып тасталсын.

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

« - жұмыспен қамту қызметтерін жаңғыртуды, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартуды, жұмыс берушілер мен жұмыссыз азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ көші-қон саласындағы құзырет бөлігінде тиісті өзгерістерді көздейтін жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру;»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

« - жаңа бизнес идеяларды дамытуға гранттар беру бойынша және қоныс аударуға жәрдемдесуші жұмыс берушілерді субсидиялау бойынша жұмыспен қамтуды қолдаудың жаңа құралдарымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру;

«Еңбек қатынастарын реттеу» деген 5-басым бағытта:

бірінші және екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттары өндірісте еңбекті қорғауды басқару негізі болады деп көзделген. Қазақстан Республикасын Президентінің Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада белгілеген басымдықтарын іске асыру да еңбекті қорғау жүйесін Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына, ал өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін дамыған елдердің нормаларына сәйкестендіруді көздейді.

Қазіргі уақытта еңбек қатынастарын реформалаудың негізгі нәтижелері мыналар болып табылады: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 83-қадамын іске асыру үшін қабылданған жаңа Еңбек кодексін, кәсіподақтар туралы жаңа заңды қабылдау және жұмыскерлердің мүдделерін ұсынудың жаңа құқықтық моделін енгізу; әлеуметтік әріптестікті дамыту және ұжымдық әлеуметтік жауапкершілікті құру.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«- еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды заманауи халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкестендіру. 2018 – 2020 жылдары «Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы іске асырылады. Бұл Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында кәсіптік қатерлерді басқаруды көздейтін және кәсіпорынның көлемі мен экономикалық қызметінің түріне байланысты сараланған еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге және ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді;»;

«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы» деген 4-бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімнің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

Бюджеттік бағдарламалар – 1

027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»

Бюджеттік бағдарламалар – 3

058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту»

064 «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің орнықты дамуы: әлеуметтік интеграция және инклюзия бойынша бағдарламаларды ілгерілету»

065 «Мемлекеттік әлеуметтік көрсетілетін қызметтер шеңберінде әлеуметтік жұмыстың тиімді жүйесін дамыту үшін техникалық қолдау»

Бюджеттік бағдарламалар – 3

056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»

068 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру»

062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

Бюджеттік бағдарламалар – 2

034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

066 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

»;

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

3.

ЖЗЖ-мен қамтылған, жұмыс істейтін  халықтың үлесі (ЖЗЖ-ға қатыспайтын- дарды қоспағанда)

Вице-мини-стр

 

Еңбек-мині дерек-тері

%

70,4

70,8

70,8

72,4

 

73

 

73,7

 

74,4

 

»;

мынадай мазмұндағы 6-1 жолмен толықтырылсын:

«

6-1.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған АӘК алушылардың (шартты ақшалай көмек) үлес алмағы

Вице-мини-стр

Еңбек-мині

дерек-тері

%

-

-

-

22

22,2

22,3

22,5

»;

«Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігін арттыру» деген 1.2-мақсатта:

мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 жолдармен толықтырылсын:

«

2-1.

Арнайы әлеуметтік қызмет және көмек ұсынудың интеграцияланған моделін енгізуші пилоттық өңірлердің үлесі

Вице-министр

Еңбек-мині дерек-тері

%

-

-

-

37,5

68,8

100

-

2-2

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде ҮЕҰ) ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі

Вице-мини-стр

 

Еңбек-мині

дерек-тері

%

-

-

-

8,4

8,8

9,1

9,3

»;

«Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1-мақсатта:

реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі

Вице-министр

ҰЭМ СК ресми стат. деректері

%

-

-

-

5,5

5,4

5,3

5,3

»;

реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

5.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту:

Вице-мини-стр

 

Еңбек дерек-тері

 

%

 

 

 

 

 

 

 

жұмыссыздарды

52,0

85,3

61,0

85,5

86,0

86,5

87,0

өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды

17,1

39,1

31,5

60,0

61,0

62,0

63,0

»;

«Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету» деген 2.2-мақсатта реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.

Кәсіптік стандарттардың негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары қамтыған (техникалық және кәсіптік және жоғары білім) кәсіптер/мамандықтардың үлесі

Вице-мини-стр

 

Еңбек-мині дерек-тері

%

-

-

-

9,5

13,5

-

-

»;

реттік нөмірі 2-5-жолдар алып тасталсын;

«Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәскеге қабілеттілік индексінің нысаналы индикаторлары», «1. Мемлекеттік секторда шешімдер қабылдаудың айқындығы», «2. Шенеуніктердің шешімдер қабылдауындағы фаворитизм» және «3. Қоғамның саясаткерлерге деген сенімі» деген жолдар алып тасталсын.

«Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік10 күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы 
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік                                                    Т. Дүйсенова

қорғау министрі

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                        

Қазақстан Республикасының        

Қаржы министрі                               

 

___________  Б. Сұлтанов 

            

жылғы  ______________          

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі         

 

___________  Т. Сүлейменов

 

жылғы _______________ 

 

6-бөлім. Ресурстар

Ресурстар

Өлшеу бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы кезеңнің жоспары

Жоспарлы кезең

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Қаржылық, барлығы:

мың теңге

 

 

2 129 670 888,9

2 612 874 533

2 952 567 234

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

1.1-мақсат. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну

027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»**

мың теңге

1 583 225 553

1 819 239 105

104 049 305

2 574 578 073

2 912 495 057

049 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»*

мың теңге

5 732 175

 

 

 

 

1.1-мақсаты бойынша нәтиже. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну

мың теңге

1 588 957 728

1 819 239 105

104 049 305

2 574 578 073

2 912 495 057

1.2-мақсат. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу

048 «Әлеуметтік жаңғыртудың басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру»

мың теңге

79 000

157 410

197 780

 

 

058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту»**

мың теңге

4 506 480

5 852 712

9 882 010

10 591 448

10 148 273

064 «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің орнықты дамуы: әлеуметтік интеграция және инклюзия бойынша бағдарламаларды ілгерілету»

мың теңге

 

 

 

341 975

371 299

065 «Мемлекеттік әлеуметтік көрсетілетін қызметтер шеңберінде әлеуметтік жұмыстың тиімді жүйесін дамыту үшін техникалық қолдау»

мың теңге

 

 

 

113 824

113 824

1.2-мақсаты бойынша нәтиже. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу

мың теңге

4 585 480

6 010 122

10 079 790

11 047 247

10 633 396

2.1-мақсат. Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету

039 «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге кредит беру»

мың теңге

10 346 043

30 823 827

 

 

 

044 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  шеңберінде іс-шараларды іске асыру»

мың теңге

26 679 917

69 952 730

 

 

 

068 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру»

мың теңге

 

 

7 812 852

11 263 607

11 897 611

056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»

мың теңге

424 372

296 221

2 176 167

1 120 200

1 191 777

062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

мың теңге

 

 

 

110 000

 

2.1-мақсаты бойынша нәтиже. Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процесстерін басқаруды қамтамасыз ету

мың теңге

37 450 332

101 072 778

9 989 019

12 493 807

13 089 388

2.2-мақсат. Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

мың теңге

82 234

64 451

96 240

99 088

110 670

045 «Кәсіби стандарттарды әзірлеу» *

мың теңге

69 184

 

 

 

 

057 «Республикалық деңгейде еңбек саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстары және инфрақұрылымын дамыту»*

мың теңге

15 029

 

 

 

 

066 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»

мың теңге

 

106 611

1 651 416

10 652 571

12 438 905

131 «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»

мың теңге

40 081

44 310

37 784

 

 

2.2-мақсаты бойынша нәтиже. Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

 

206 528

215 372

1 785 440

10 751 659

12 549 575

Стратегиялық жоспардың мақсатарына жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»***

мың теңге

 

7 964 279

3 750 632

4 003 747

3 799 818

055 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»**

мың теңге

 

290 788 722

 

 

 

101 «Өкілдік шығыстар есебінен іс-шаралар өткізу»

мың теңге

 

2 784,8

998,9

 

 

138 «Министрлік қызметкерлердің біліктілігін арттыру»

мың теңге

 

 

15 704

 

 

Адами

бірлік

 

 

916

916

916

* бағдарламалар 2016 жылға дейін іске асырылған

** 027 112 (Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бюджеттік сала жұмыскерлері үшін жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы төлемдерін жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер), 055, 058 113 (Әлеуметтік бейімделу орталықтары, ӘБО жанындағы тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар үшін (ТМЖЖ) әлеуметтік патруль, ТМЖЖ адамдар үшін түнгі болу бөлімдері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын жүргізу), 058 108 (Жамбыл облысының жаңадан енгізілген объекттерін қамсыздандыру) бюджеттік бағдарламалары жергілікті атқарушы органдарға жалпы сипаттағы трансферттермен берілді.

AttachmentSize
PDF icon buyryk.pdf1.06 MB
Package icon sp_2017-2021_kaz.zip873.4 KB
Categories:
Changed on 12 May, 2018 - 12:08
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS