You are here

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017–2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Саланың/құрылымның басым бағыттары» деген 3-бөлімде:

«Жұмыспен қамту саясатын және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» деген 4-басым бағытта:

алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«2018 жылдан бастап кәсіпкерлік бастаманы қолдаудың жаңа түрі – азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант ұсыну көзделген.

Мемлекет басшысы 2018 жылы айтқан әлеуметтік бастамаларда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуда жеңілдікті микрокредиттер беру тетігі аса тиімді болып келетінін атап өтті.

Осыған байланысты, 2018 жылы микрокредит беру кеңейтілетін болады, қосымша бөлінген қаражат ауылдарда кредит беруге және ірі қайта өңдеу ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының айналасында якорлық кооперацияларды дамытуға бағытталады, бұл өнімді тиісті өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз етумен қатар ксіпкерлік бастамаларды дамыту қосымша жұмыс орындарын құру, жаңа өндірісті құру немесе қызметті дамыту және шығарылатын өнімнің көлемін көбейту түріндегі мультипликативті әсер беретінін атап өткен жөн.»;

алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«2018 жылдан бастап азаматтардың ерікті қоныс аударуын ынталандыру мақсатында қоныс аударушылардың (кемінде 5 адам) орналасуының барлық мәселелерін шешумен оларды тұрақты жұмыс орындарына қабылдауға дайын жұмыс берушілердің шығыстарын 450 АЕК-ке дейінгі мөлшерде субсидиялау секілді қосымша шаралар енгізіледі.»;

«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы» деген 4-бөлімде:

«Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

  • Экономикалық өсу мен бюджеттік мүмкіндіктерге байланыстырылған ең төмен әлеуметтік стандарттар кезең-кезеңімен халықаралық баламаларға жақындай түседі
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері мен құрылымы – мемлекеттің барлық базалық әлеуметтік төлемдерін есептеудің негізі ретінде тұтыну себетінің нақты құнын көрсете отырып, тұрақты негізде қайта қаралады, халыққа, оның ішінде базалық зейнетақы мен базалық жәрдемақы алушыларға қолайлы өмір сүру деңгейіне кепілдік берілуге тиіс
  • Кедейлік шегін айқындау әдістемесі оңтайландырылады: бірінші кезеңде оның деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына қатысты артады, кейіннен кезең-кезеңімен ел бойынша орташа кіріспен байланыстырылады, ол күнкөрісі төмен халықтың әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсерін тигізеді
  • Жалақының ең аз мөлшерін кезең-кезеңімен өзгерту мәселесі пысықталады, ол барынша дамыған елдердегі сияқты елдегі орташа жалақыға қатысты айқындалатын болады және ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан асып түседі
  • Зейнетақы жүйесі одан әрі дамиды, бұл ретте өнімді және деректендірілген жұмыспен қамтуды ынталандыруға басты назар аударылады
  • Зейнетақы жасына жеткендердің барлығына мемлекеттің бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады. Жұмыс істейтін азаматтар бұрынғы жұмыссыздармен немесе зейнетақы жарналарын төлемегендермен салыстырғанда үлкен мөлшердегі базалық зейнетақы алатын болады
  • Базалық зейнетақыдан басқа жұмыс істеген зейнеткерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алады, онда зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрамдасының шеңберінде жұмыс істеген зейнеткердің 10% зейнетақы жарналарына қосымша оның жұмыс берушісінен 5% зейнетақы аударымдары жинақталады
  • Жұмыс істеген зейнеткер үшін зейнетақы төлемдерінің үшінші көзі оның ерікті зейнетақы жинақтары болуы мүмкін
  • Әлеуметтік сақтандыру өнімді және деректендірілген жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады
  • Зейнетақы жүйесіне ұқсас, әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтілі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады: кірістерді ауыстыру коэффициенттері (жұмысын жоғалту, асыраушысынан айрылу, еңбекке қабілеттілігін жоғалту) ұлғаяды, төлемдердің ұзақтығы (жұмысын жоғалту) ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды
  • Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылық күшейтілетін болады. Еңбекке жарамсыздар үшін көмек сөзсіз қамтамасыз етіледі
  • Мемлекет тарапынан барынша белсенді тәсілді кезең-кезеңімен енгізу әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды аспектісі болады. Қолдау органдары көмекке жүгінген адамдарға қызмет көрсетуден басқа, халықтың аз қамтылған санаттарын ауылдық жерлерге аса назар аудара отырып, ақпараттық жүйелер арқылы табысы аз адамдарды өздігінен анықтайды
  • Арнайы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігі мен сапасын күшейтуді көздейтін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады
  • Қолжетімділік қонаққа қабылдайтын отбасыларында мұқтаж және партонатты күтімдегі жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелерін; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының базасында жеке сектор, қалалар мен ауылдарда МЖӘ қағидаттары негізінде құрылған аз сыйымды көп бейінді үйлер, сондай-ақ шалғай ауылдардағы «мобильді қызметтерді»; мемлекеттік мамандандырылған интернат-үйлерін жұмысқа тарту есебінен күшейтілмек
  • Жеке сектордың сапасын және қатысуын күшейтуге қызмет көрсетудің жаңартылған стандарттары мен экономикалық тұрғыдан ақталған тартымды тарифтер себеп болады
  • Мұқтаж жандар біліктілігі туралы, көрсетілетін қызмет түрлері, жұмыстарының нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын Мамандардың бірыңғай тізілімін құру арқылы әлеуметтік қызметтерді алу нысанын таңдау мүмкіндігіне ие болады
  • 2025 жылға қарай айқындау таяудағы және ұзақ мерзімді перспективаға кадрлық қажеттіліктерді айқындау бойынша еңбек ресурстарын дамытуды болжаудың ұлттық жүйесі жұмыс істейтін болады
  • Бизнестің тікелей қатысуымен жаңа кәсіби стандарттар әзірленеді және қолданыстағы кәсіби стандарттар өзектендірілетін болады
  • Кәсіптік стандарттар техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік базаны әзірлеу мен жаңарту үшін негіз болады, бұл білім беру мен білім беру процесі мазмұнының жаңа экономика талаптарына сәйкес болуының негізгі шартына айналды
  • Жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін адамдарды, жұмыссыздарды қолдауға бағдар беруді сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жақсарту арқылы қазіргі еңбек ресурстары өнімділігінің жылдам өсуіне жәрдемдесу жалғасатын болады
  • Жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындармен бірлесіп, кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыру нәтижесінде босатылған қызметкерлерді қолдау бойынша келісілген саясатты әзірлейді
  • Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында талап етілетін кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады
  • Формальды емес жұмысты қамтуды азайту үшін шаралар кешені, оның ішінде жеңілдетілген тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандарға ерекше назар аудара отырып, еңбек шарттарын «заңдастыру»; «көлеңкелі» жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, профилактикалық шараларды кеңейту, «жосықсыз жұмыс берушілердің» тізілімін енгізу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жеке тұлғалар атақтарын өзектендіру; ақпараттық-түсіндірме жұмыстары іске асырылатын болады
  • Өнімді жұмыспен қамтуды арттырудың негізгі бағыттарының бірі жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Ол үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуды, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды қоса алғанда, ауылдық жерлердегі қызмет көрсетулер мен кооперацияны кеңейтуді ескере отырып, оның ішінде қаладағы және ауылдық жерлердегі микрокредиттеуді дамыту арқылы қолдау шараларының толық спектрі көрсетілетін болады
  • Жұмыс күші артық облыстардан кадрлар жетіспеушілігі байқалатын облыстарға ерікті қоныс аударуы кезінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жалғастырылады
  • Салалар, елді мекендер мен санаттар арасындағы еңбек ресурстары ағынын тиімді басқару қатарлас жұмыс істейтін арналарды үйлестіретін еңбек нарығының дамыған инфрақұрылымы есебінен қамтамасыз етіледі, ол арқылы мемлекет пен бизнес барлық өтініш білдірген азаматтарға қолдау шараларын көрсететін болады
  • Онлайн-портал базасында мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарындағы, жеке агенттіктердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернет-алаңшаларындағы барлық бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы деректерді шоғырландыру үшін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңша енгізілетін болады
  • Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына трансформация жүргізіледі
  • Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың белсенді және электрондық форматын енгізеді
  • Азаматтардың еңбекке орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін кәсіптік бағдар беру, еңбекке орналастыру, кадрлар даярлау және қайта даярлау бойынша көрсетілетін қызметтер сияқты жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жеке жұмыспен қамту агенттіктері тартылатын болады
  • Жоғары білікті мамандарды тарту үшін преференциалдық режим құрылады, біліктілік деңгейі бойынша шетелдік қызметкерлер үшін визаларды санаттандыру жүзеге асырылатын болады
  • Жоғары білікті кадрлар үшін квоталар, экономикалық орындылығына тест жүргізу қажеттілігі жойылады, виза алу мерзімі қысқарады, елде болу ұзақтығы ұлғайтылады, құжаттарды тапсыру процесі оңайлатылады
  • Еңбек өнімділігі төмен өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2025 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 13,6%-дан 10%-ға дейін төмендейді
  • Шетелдік жоғары білікті мамандарды тарту қысқа мерзімді кезеңде еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
  • Тәуекел-менеджментке негізделген еңбекті қорғауды басқарудың стандартталған инновациялық жүйесі енгізіледі
  • Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау стандарттарын кең ауқымды түгендеу және жаңарту жүргізіледі
  • Стандарттардың сақталу мониторингі стандарттардың электрондық деректер базасы негізінде іске асырылатын болады

»;

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1-мақсатта:

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі» деген реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

54.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған-дардың үлесі

Вице-министр

 

ҚР ҰЭМ СК ресми стат. деректері

%

-

-

15

13,4

13,0

12,6

12,4

»;

 «Ресурстар» деген 6-бөлімде: 

«2018 жыл» деген бағандағы «Қаржылық, барлығы:» деген жолда:

«2 612 874 533» деген сандар «2 606 658 105» деген сандармен ауыстырылсын;

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

«2018 жыл» деген бағанда:

«027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» деген жолда «2 574 578 073» деген сандар «2 570 699 721» деген сандармен ауыстырылсын;

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» 1.1-мақсаты бойынша нәтиже деген жолда «2 574 578 073» деген сандар «2 570 699 721» деген сандармен ауыстырылсын;

«Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу» деген 1.2-мақсатта:

«2018 жыл» деген бағанда:

«058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» деген жолда «10 591 448» деген сандар «9 949 533» деген сандармен ауыстырылсын;

«1.2-мақсаты бойынша нәтиже. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу» деген жолда «11 047 247» деген сандар «10 405 332» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1. -мақсатта:

«2018 жыл» деген бағанда:

«068 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру» деген жолда «11 263 607» деген сандар «12 122 864» деген сандармен ауыстырылсын;

«056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» деген жолдағы «1 120 200» деген сандар «1 465 013» деген сандармен ауыстырылсын;

«062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген жолдағы «110 000» деген сандар «105 567» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» 2.1-мақсаты бойынша нәтиже деген жолда «12 493 807» деген сандар «13 693 444» деген сандармен ауыстырылсын;

«Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету» деген 2.2. -мақсатта:

«2018 жыл» деген бағанда:

«034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген жолдағы «99 088» деген сандар «98 200» деген сандармен ауыстырылсын;

«066 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру» деген жолдағы «10 652 571» деген сандар «7 213 133» деген сандармен ауыстырылсын;

«Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету» 2.2-мақсаты бойынша нәтиже деген жолда «10 751 659» деген сандар «7 311 333» деген сандармен ауыстырылсын;

«2018 жыл» деген бағанда:

«001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» деген жолдағы «4 003 747» деген сандар «4 548 275» деген сандармен ауыстырылсын;

2. Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.   

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                    М. Әбілқасымова

                 

                         

КЕЛІСІЛДІ                                        

Қазақстан Республикасының        

Қаржы министрі 

                         

___________  Б. Сұлтанов 

2018 жылғы  ______________          

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі   

      ___________  Т. Сүлейменов

2018 жылғы _______________ 

AttachmentSize
Microsoft Office document icon prikaz_kaz1.doc91 KB
Categories:
Changed on 23 April, 2018 - 18:23
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS