You are here

Сәлеметсіздерме? сіздерге кояр сұрағым әкем кайтыс болар алдында зейнетақысының қанша жиналып тұрғаны жайлы анықтама қағазын алып келген,сондағы көрсетілген сумма 1 200 000 тенгені көрсеткен,кеше ЦОНға барып қанша ақша бары жөнінде мәлімет алсақ 900 000

Ответ: 

Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомалары туралы мәліметтерді құрайды.

Осыған байланысты, міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызы түсуі туралы мәліметтерді ХКҚО-нан алғанда, Сіз міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомасын инвестициялық табысы қосылмағандығын көресіз.

Зейнетақы жинақтарының сомалары инвестициялық табысты ескергендегі БЖЗҚ-дан үзінділерінде ұсынылады.

Осыған орай, инвестициялық табысты ескергендегі зейнетақы жинақтары туралы үзіндіні алу үшін Сізге БЖЗҚ-на жолығуыңыз қажет.

орын.Эксперт Д.Сыздыкова

Номер вопроса: 317509
Changed on 8 December, 2014 - 18:17
Achievements over the years of independence of RK
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS