check

You are here

Жұмыстаған еңбек өтілі

Сәлеметсіз  бе? Құрметті Тамара Дуйсенова ханым, сізге сауал жолдау себебім:

       Мен Яай Сағынгүл 2007 жылғы шілде айынан бастап Алматы облысы Қапшағай қаласында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. 2007 жылға дейін Монғолия Республикасында 22 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыстап  келдім. 6 бала тәрбиелеп өсірдім,”Күміс алқа” иегерімін. Ағымдағы  жылдың 14- қарашасында 53 жасқа толамын. Заң бойынша зейнеткерлікке шығуға тиісті құжаттарымды жинап, қалалық Әлеуметтік қамсыздандыру орнына бардым. Осы арада маған:  Монғолияда жұмыстаған жылдарыңыздың еңбегі есептелмейді. Бізге жоғарыдан осындай мазмұнды хат келді. Сондықтан  Қазақстан Республикасында жұмыс істеген жылыңыз ғана есептеледі- деді. Сонда менің Монғолияда оқыған, жұмыс істеген 30- дай жылғы еңбегім қандай себептермен  есептелмейтіні туралы білгім келеді. 

Ответ: 

Жұмыста алған еңбек өтілі

Жауап:

 

2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Заң) №105 Заңның 11 бабыңа сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде тағайындау әйелдерге 58 жасқа  толғанда зейнетақымен қамтамасыз ету құқылы көзделген 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда.

Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жағдайда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы.

Заңның 13 бабыңа сәйкес жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт.

Заңның 14 бабы бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасының «Үкiметi мен Монғолия Үкiметi арасында әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық» туралы Келiсiмдi бекiту №823 20 шiлдедегі 1994 жылғы қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі №327 туралы қаулысымен «Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық» туралы келiсiмнің күші жойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының міндетіне уәкiлеттi мемлекеттiк органның тағайындаған зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін төлеу жатады.

Заңның 17 бабыңа сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауды Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган жүргiзедi.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын орган зейнетақы тағайындау мәселелерi бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмдеуiне жәрдем көрсетуге мiндеттi.  

Сондықтан Сізге толық жауап алу үшін тұрғылықты жер бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Департаментіне хабарласуыңызға болады.

орын.Кенжебаев А.Ж.

      тел. 55-21-00 10478

 

 

 

Номер вопроса: 316258
Changed on 12 November, 2014 - 18:13
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS